Оңтүстік Қазақстанға сенаторлар тобы келді

Оңтүстік Қазақстан облысына ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы өңірімізге келген делегаттарды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев күтіп алды. Жұмыс тобының құрамында комитет мүшелері сенаторлар И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Н.Әбіқаев, С.Жақсыбеков, Л.Қиынов, Г.Ким бар. e040fa0d-d16f-4fb8-a240-d1207edaf553
Жұмысшы топ ең алдымен Қазақстан Қарулы Күштерінің Шымкент гарнизонында болып, жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, авиациялық базаның әскери бөлімдеріндегі жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуын, Су-25, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-17, Ми-171Ш және Ми-35М тікұшақтары тұрған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін көріп шығып, Шекара қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мәселелерін зерделеді.
Сенаторлар сонымен қоса, радиотехникалық және зениттік зымыран есептоптары мен әскери авиация экипаждарының жауынгерлік мүмкіншіліктерін тамашалады.5fb1c356-4eb6-4819-adac-3c6d3194e643
Шымкент гарнизонының жұмысымен танысқан жұмысшы топ Әуе қорғанысы күштерінің Шекара қызметі және әуе қозғалысы органдарымен өзара іс-қимылдың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
Осы күні, делегаттар ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жұмысымен танысты. Онда олар жауынгерлік қызметі мен әскердің жеке құрамына жүктелген құқық қорғау міндеттерін және техниканың, қару-жарақ пен қорғау құралдарының жаңа үлгілерін аралап көрді. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының жауынгерлік әдіс-тәсілдерінен қойылымдар тамашалап, Ішкі әскердің 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жаужүрек 17 жауынгерінің ескерткішіне тағзым жасады.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева бастаған жұмысшы топ облысқа жасаған екі күндік сапарында С.Рахимов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы кедендік бекеттердің жұмысымен танысу жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған