Оңтүстік Қазақстан облысында «KAZAKH INVEST» өкілдігі өз жұмысын бастады

Биылғы жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігі жұмыс істей бастады.

              Өңірлік өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда бірқатар шетел компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

      Айта кетейік, «KAZAKH INVEST»-тің негізгі міндеті әрбір инвестициялық жобаны идеядан дайын өнім шығаруға дейін толық қолдау болып табылады. Өңірлік өкілдік шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі арқылы қолдау білдіріп,  келісім және визалық рұқсаттамалар алуға көмектеседі.  Сонымен қатар шетелдік инвесторлар үшін жергілікті жобалардың деректер базасын қалыптастырумен айналысатын болады.

 

     ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған