Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері кәріз құдығына түсіп кеткен баланы құтқарып қалды

Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері суық судан жаурап, шайынды суға тұншығып қалған бес жасар баланың өмірін арашалап қалды. Бұл туралы медициналық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

– Оқиға өткен сенбі күні Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Береке ауылында орын алды, – деді баспасөз қызметінде. – Әрең дем алып жатқан баланы құдықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алып шығып қауіптен құтқарды. Ер бала қатты жаурап қалған, оның үстіне оған дем алу жолдарының аспирациясы диагнозы қойылды. Реанимациялық іс-шаралардан кейін бала Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде ол Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Облыс орталығына оны санавиациямен жеткізді.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған