Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Германияда тәжірибеден өтті

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті  агротехнологиялық факультетінің студенттері Германияда тәжірибеден өтті.

Processed with PICSPLAY


Тәжірибе алмасу DEULA – NIENBURG бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Аттас орталық барлық ауыл шаруашылығы және жеке кәсіби-техникалық мамандықтар бойынша тәуелсіз және кәсіби оқыту мен біліктілікті арттыруға бағытталған.

Павлодар мемлекеттік университетінің алты студенті Германияның жетекші фермерлік шаруашылықтары мен мал шаруашылығы кешендерін аралады. Жастар төрт ай ішінде заманауи ауылшаруашылық техникамен жұмыс істеуді үйреніп, мал, өсімдік шаруашылығы, топырақты өңдеу және агробизнесті жүргізу технологияларын меңгерді.

Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының студенті Әлия Тоқтасынова спорттық жылқы шаруашылығын таңдады.

– Фермадағы жұмыс барысында жылқыларды жаттықтыру, жануарларды күтіп-баптауды үйренуге мүмкіндік туды. Германиядағы тәжірибенің берері мол. Бұл – құнды тәжірибе, – дейді Әлия Тоқтасынова.

Еске сала кетейік, Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері DEULA – NIENBURG оқу орталығының базасында өндірістік тәжірибеден 2013 жылдан бері өтіп келеді.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.