Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіінң колледжінде «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Кабинеттің ашылу рәсіміне ғаалымдар, мемлекеттік және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Рухани жаңғыру» кабинетеінде еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан өнер, ғылым және саясат қайраткерлері туралы материалдар қойылған. Сонымен бірге, Павлодар облысының киелі орындары жайындағы ақпарат та бар.

«Рухани жаңғыру» кабинетінде ағартушылық, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ашылу салтанатында ПМУ колледжінің студенттері өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.

– Студенттердің жұмыстары өте қызықты әрі біздің өңіріміз туралы материалдар бойынша жасалған. Мәселен, «Тарихи Павлодар» жобасы туған өлкенің тарихын зертеуге зор мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде оқушылар қаланың тарихи орындарын зерттеп, «Сакралды Павлодар» альбомын жасайды, – дейді колледж директорының м.а. Анна Есенова.

«Рухани қазына» жобасы бойынша студенттер еңбек ардагерлерімен кездесіп, кәсіпорындардың мұражалйарында зерттеумен айналысады және халық шығармашылығы бойынша фестиваль өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Таныс әрі бейтаныс Павлодар», «Мен ПМУ-ді таңдайымн», «La vie Добро» және басқа жобалар таныстырылды.

«Рухани жаңғыру» кабинеті студенттердің қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы білім алуына көмектеседі.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған