Павлодар мемлекеттік университетінде арт-терапияның әлеуметтік жобасы іске қосылды  

Идея авторлары агротехнологиялық факультеттің студенттері Әлия Тоқтасынова мен Айнагүл Қарашашева болды. Университеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «COSMO STUDIO» стартап жобасы университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жетекшісі Жастілек Уахитовтың қолдауымен жасалды.

«COSMO STUDIO» – reisen-art техникасын қолдана отырып кез келген адамға сурет салуға мүмкіндік беретін орын. Суреттер эпоксидті шайырмен немесе акрилді құю техникасының көмегімен жасалады.

– Арт-терапнияны даун синдромы, аутизм, церебралды паралич сияқты диагнозы бар ерекше балалар арасында қолданғымыз келеді. Бұл әдіс олардың эмоционалды жағдайына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, балалар үйлері, мектептер, интернаттар, оңалту орталықтарына барып, қайырымдылық шеберлік сағаттарын өткізгіміз келеді. Осы тектес шаралар елімізде кең тарай қойған жоқ. Дегенмен, «Reisen-Art» және «Акрилді құю» тез уақытта танымалдылыққа ие болды, – дейді ұйымдастырушылар.

Шығармашылық жұмыс арт-терапия тұрғысынан тиімді. Шайырды мүсін жасауға қолдануға болады. Ал, акрилдің көмегімен кескіндеме шығармасындағы бояу қабатында жарықтар жасауға болады.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.