Павлодар мемлекеттік университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті әріптестік туралы келісім жасады    

С. Торайғыров атынадғы ПМУ-ің делегациясы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне іссапармен барды. Қосу университеттің басшылығы жоғарғы оқу орындарының ұлттық акционерлік қоғам түріндегі басқару формасына көшу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде ұлттық зерттеу университеті ретінде трансформациялану, адами ресурстарды дамыту мәселелері де сөз болды. ҚазақҰАУ-ің қауымдастырылған профессоры Алексей Титковтың айтуынша жаңа меншік түріне көшу ЖОО-ың шаруашылық дербестігін арттыруға, яғни, кәсіпкерлермен тікелей шарт жасасуға, директорлар кеңесі арқылы инвестициялар тартуға  жағдай жасайды.

Мәселен, университеттің ақылы қызметтерінен түскен қаражат материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсалады.

Университеттердің ҰАҚ меншік түріне көшудегі басты міндет адами ресурстарды дамыту болып табылады. Осы мақсатта ПМУ ғалымдары HR-менеджмент жүйесін дамыту алгоритмін мұқият зерттеді.  Зерттеу нәтижесінде KPI жүйесін қайта қарап, құзыреттіліктер каратсын құрастыру жәе педагогикалық ұжымға қойылатын біліктілік талаптарын жаңарту көзделіп отыр.

Іссапар барысында қонақтар ҚазақҰАУ-ің Назарбаев атындағы білім және ғылым орталығы, халықаралық инновациялық орталықтар мен зертханалардың жұмысымен танысты.

– Бізді Ұлттық аграрлық университеттің зертханалық базасының өндірістік қуаттылықтары таң қалдырды. Біз өзара келісімге келіп, агротехнология және биотехнология бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуді ұйғардық. Ендігі жерде ҚазақҰАУ-ің зертханалық базасын ПМУ ғалымдары ғана емес, магистранттар мен докторанттар пайдалана алады. Олар кез келген уақытта мұнад келіп зерттеулер жүргізе алады, – деді ПМУ-ің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Нұрлан Ержанов.

Сонымен қатар, ПМУ делегациясы Smart point коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Мұнда инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарының креативтілігіне көп көңіл бөлінген.

Іссапар соңында университеттердің басшылығы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Жасалған шарттың негізінде ПМУ базасында ҚазақҰАУ-ің филиалын құру жоспарланған.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған