Павлодар облысында ҚР Президентінің Жолдауын талдау жөнінде өңір  активінің отырысы өтті

Облыс орталығындағы Достық үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ереежелерін түсіндіру бойынша облыс активінің отырысы өтті. Жиын барысында сөз алған аймақ басшысы Болат Бақауов Мемлекет басшысы өз Жолдауында отандық экономиканы дамыту бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.

– Президент шағын бизнестің дамуына баса назар аударды, – деді Болат Бақауов. – Кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіледі. Біз жаңа жобаларға басымдық беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына көңіл бөлуіміз қажет.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 250 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржының бір бөлігі әлеуметтік аспектісі бар бизнес жобаларды қолдауға жұмсалады. Атап айтқанда, көп балалы және аз қамтылған отабсылар мемлекет қолдауының арқасында отбасылық кәсіп ашу мүмкіндігіне ие болады.

– Өз кәсібін жаңадан бастаушы адамдарға салықтан үш жылға дейін босату және үш жыл бойы түрлі тексерістерден арылту қосымша қолдау болады, – деді аймақ басшысы. – Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің «көлеңкелі» бизнеспен айналыспай, өз табыстарын ашық түрде жария етуіне жағдай жасауы қажет.

Облыста өз өнімін шет елдерге экспорттаушы компанияларға барынша қолдау көрсетіледі.

– Қазір біз бизнес үшін барлық кедергілерді жойып, Инвесторлар үйін аштық. Бұл жерде барлық қаржылық институтар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалы, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орналасқан. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлер үшін туынадған мәселелерді тез әрі сапалы шешуге дағдыланды.

 

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған