Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауылдағы жаңа тұрғын үйлердің салыну барысымен танысты    

Баянауыл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аймақ ауылдарындағы тұрғын үйлердің салыну барысымен танысты. Осы жылы Баянауыл аймақтық орталығында 24 пәтерлік екі қабатты үй және 4 екі пәтерлі үй, ал Майқайың кентінде 29 пәтерлік жатақхана пайдалануға берілді.

Болат Бақауов осы жылдың жазында жаңа қоныс тойын тойлаған баянауылдықтардың үйлеріне кіріп шықты. Пәтерлер көптен бері кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді. Олардың қатарында бүгінгі күні аудандық ішкі саясат бөлімін басқарып отырған жас маман Нұрсұлтан Шайхин де бар.

– Әйелім екеуміз бізге пәтердің берілетінін білгенде қатты қуандық, – деді ол. –Мен үшін туған аймағым үшін қызмет еткен үлкен мәртебе болып табылады. Бүгінгі күні ауыл жастарына сондай көмектің көрсетіліп жатқаны қуантарлық жағдай.

Сонымен қатар облыс әкімі 4 екі пәтерлі үйдің біріне барып қайтты. Жаңа пәтер кілттерін дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері алды, барлығы – 27 адамды құрайтын 8 отбасы.

– Үй өте жылы, – деп айтты Болат Бақауовқа Айманов көшесі, 18 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындары. – Осы жылы біздің ауылымыздың көркі кірді. Бұл тек үйлердің салынуына ғана емес, сонымен қатар жолдардың жөнделуіне, су құбырының өткізілуіне және жарықтың орнатылуына да қатысты.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған