Павлодар облысының әкімі өңірдегі ЖЭС-ың жылыту маусымына дайындығын тексерді

Өңірдегі жылу электр станциялары тұрғын үйлерге жылуды 15-ші қыркүйектен бастап беруге әзір. Ақсу қаласында аймақ басшысы ферроқорытпалар зауытындағы аудандық жылыту қазандығы мен «ЕЭК» АҚ-ың станциясында болды. Облыс орталығында әкім қаланы жылумен қамтитын үш ЖЭС-ың әрқайсысын аралап, олардың аладғы қысқа дайындығын тексерді.   

– Әр жылу электр станциясы алдағы маусымға тас-түйін дайын, – деп қорытындылады Болат Бақауов. – Қазіргі кезде ыстық су беру бойынша проблемалар бар. Алайда, бұл мәселе алдағы он күннің ішінде шешіледі деп ойлаймын.

Станцияларды аралау қорытындысы бойынша өткен жиналыс барысында «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ің өкілдері жөндеу кампаниясының барысы туралы хабарлады. Жоспарлы жөндеуге жататын 9,2 км құбырлардың 8 км-і жөнделіп болды. Сынақ жұмыстары барысында жылу желілерінің бойынан 150 ақау табылған.

– Жылу құбырларының ақауларына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан кеш орындалып жатыр, ал, магистральдік желілер бойынша жұмыс толықтай аяқталды, – деп атап өтті «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ің басшысы Марат Иманаев. – Жылыту маусымына дейін барлық жұмыстар аяқталады.

Анықталғандай, соңғы бірнеше жыл коммуналшылар жөндеу жұмыстарынан кейін асфальт жабындысын қалпына келтіретін мердігер фирмалармен өзара тіл табыса алмай келеді. Қазір кәсіпорын жол техникасын сатып алып, кішігірім учаскелердегі асфальтті өз күштерімен қалпына келтіріп жатыр.

Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарын ауа райы жылы кезде жүргізілуін талап етті. Ол қысқа дейін жылу желілері жөнделген учаскелердегі жолдар толықтай жөнделуін қатаң тапсырды.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған