Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және әйелдер

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ең бірінші дінді əкелген уақытта, бүкіл əлемге бір өзі қарсы шықты. Сонда оны алғаш болып қолдаған əйел адам еді.

 Ол – Хадиша анамыз (Алла разы болсын).

Алла жолында ең бірінші шаһид болған да əйел адам еді.

Ол – Сумəйя анамыз (Алла разы болсын).

Пайғамбырымызға (с.ғ.с)  балаларының ішінде ең жақыны əрі сырласы болған қыз бала еді.

Ол -Фатима анамыз (Алла разы болсын).

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  əкесі мен анасы дүниеден өткенде, оған əке орнына əке, ана орнына ана болған да əйел адам еді.

Ол – Үммі Айман анамыз (Алла разы болсын).

Худайбия келесімінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  сахабаларына ренжіп, шатырдың ішіне кіріп кеткенде, Пайғамбарымызға (с.ғ.с)  ақыл айтып, үлкен көмек берген əйел адам еді.

 Ол – Сəуда анамыз (Алла разы болсын).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  дүниеден өткенде мешітте немесе түзде емес, əйелінің бөлмесінде, сол əйеліне басын сүйеп жатқан күйде дүниеден қайтты.

Ол – Айша анамыз (Алла разы болсын) еді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  қиын-қыстау кездерінде қасынан əйел адамдар да табыла білген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  былай деген:

«Мені түсінде көрген өңінде де көреді (немесе өңінде көргендей болады), өйткені шайтан менің кейпіме ене алмайды».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған