«Прокурордың 100 кеңесі» кітабы жарыққа шықты

 

Елордада «Прокурордың 100 кеңесі» кітабының, мобильді қосымшаның және Бас прокуратура сайтындағы арнайы парақшаның таныстырылымы өтті. Практикалық кеңестер жинағын Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясы бірлесіп әзірлеген.

Таныстырылым барысында Бас прокуратура Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Құсайын Игембаев атап өткендей, презентациялық материалдар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағдарланған. Жинақтың мақсаты – түрлі құқықтық жағдайларға тап болған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзін қалай ұстау керектігін, өз құқықтарын, жақындарының мүдделерін қалай қорғау керектігін көрсету.

«Жұмыс барысында біз қылмыстық процесс орбитасына түскен адамдардың қорғансыздығын жиі көреміз. Бұл заңдарды, өз құқықтарын, органдардың міндеттерін білмегендіктен. Мысалы, егер полицейлер ұстап алса азаматтарға не істеу керек, олардың қандай құқықтары бар, оларды қандай мерзімге ұстуға болады? Бұл жағдайда, біз, прокурорлар не істей аламыз? Азаматтарымызға негізгі жұмысымызды қоспағанда тағы қандай көмек бере аламыз? Өз білімімізді адам игілігі үшін қалай қолдану қажет? Бұл тұрғыда сауатты кеңестермен көмектесе аламыз деп шешкен едік», – деп сөзін түйіндеді кітаптың таныстырылымын жүргізген Қ. Игембаев.

Бас прокуратураның өкілі оның тілінің жеңілдігін, бастысы, пайдалылығын атап өтті, кітапта қарапайым тілмен құқықтық қатынастар саласы мен өмірлік жағдайларда қажет болатын пайдалы кеңестер молынан қамтылған. «Біз тәуекелге бел будық та азаматтарымызға құқық тұрғысынан қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңес беру жауапкершілігін мойнымызға алдық», – деп атап өтті баяндамашы.

Оның айтуынша, мұндай тәсіл азаматтарға қызық әрі қажет болады, ал прокурор кеңестері қамтылған кітап сенімді көмекші болмақ.

100-%d1%80%d1%83%d1%81Кітапта 9 тарау бар, оларда түрлі өмірлік жағдайлар бойынша кеңестер қамтылған: отбасы, бизнес үшін, өзіңді алаяқтардан қалай қорғау қажет; тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай жол бермеу қажет; шағым бергенде не істеу керек; терроризм мен экстремизм туралы нені білу қажет; құқық қорғау және сот органдарының өкілдерімен өзіңді қалай ұстау қажет. Мысалы, «Отбасыңыз үшін 10 кеңес» тарауында бала жоғалып кеткен жағдайда не істеу керек, балаларды қылмыстар мен айналадағы жағымсыз әсерден қалай қорғау керек деген сұрақтарға жауаптар және басқа да өмірлік қажетті кеңестер берілген, – деді Бас прокуратураның өкілі.

Тұрғындар бұл жинаққа екі тілде Бас прокуратураның сайтында, 115.kz порталында және смартфондарға арналған тегін мобильді қосымша арқылы қол жеткізе алады.

Құқық қорғау органдары академиясы бірінші проректорының м.а. Наиль Ахметзакиров «Прокурордың 100 кеңесі» мобильді қосымшасын таныстырды. Арнайы IT-бағдарламаны iOS және Android платформаларындағы смартфондарға арнап әзірлеген. Оның қарапайымдығы мен қолайлылығын, үнемділігі мен ұтымдылығын, сондай-ақ тұрғындарды кеңінен қамтуын басты артықшылығы деп айта аламыз, – деп атап өтті ол.

Жинақтың электрондық нұсқасын одан әрі дамыту кеңестерді тұрақты жаңартып отыруға, заңнамалық сілтемелердің белсенділігіне және мемлекеттік сайттармен біріктіру мүмкіндігіне есептелген. Атап айтқанда, қосымша заңнамаға берілетін белсенді сілтемелермен толықтырылатын болады. Бұдан басқа, мобильді қосымшаның функционалы прокуратура органдарының сайтына (prokuror.gov.kz) өтуді қарастыратын болады. Ал келешекте – оны басқа меморгандардың порталдары мен ақпараттық жүйелеріне қосу жоспарланған. Сондай-ақ облыстық әкімдіктердің сайттарына сілтемелер көзделген, оған кез-келген адам оны мазалайтын қандай да бір мәселе немесе шағым бойынша жүгіне алады, – деп ерекше атап өтті.

Бас прокуратураның сайтында арнайы парақша ашылған. Бұл өмірлік кеңестерге ұдайы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кері байланыстың қарастырылғаны маңызды жәйт болып табылады. Бас прокуратураның сайтында азаматтар өз лебіздері мен мазалайтын сұрақтарын қалдыра алады. Бұл жұмысты редакциялық алқа атқаратын болады.

«Біз үшін сіздердің сенімдеріңіз маңызды! Біз 100 кеңеспен шектеліп қалмаймыз. Біздің жинағымыз – бұл сіздің кеңесшіңіз, көмекшіңіз әрі сенімді досыңыз. Сіздің құқықтық қауіпсіздігіңіздің кепілі. Күнделікті және түрлі жағдайларда», – деп сөзін қорытындылады Бас прокуратураның өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, әсіресе, тұрғындар үшін әлеуметтік сезімтал мәселелерді шешу шеңберінде қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет жүктелетіндігін айтқан болатын.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған