Рухыңды оят!

Жүрегіңді дір еткізсең, тәуекелге бел бусаң, сезімге есік ашсаң, сол сезімдерді ақырына дейін өн бойыңнан алып өтсең, сонда сен өзгересің. Көз жасың қуанышқа, ашуың ыстық құшаққа алмасады.

Ақылыңа өмірлік әр тарауды толық сүруге, соңына жеткізіп бітіруге мұрсат берсең, сол тараудың сабағын терең түсініп, мақсатын анық қабылдасаң, сонда сен өзгересің. Ересек адамның қиындығына баланың көзімен қарауды доғарған сәтте – өмір сүру қозғалысы бір арнаға түседі.

Рухыңды оята білсең, сонда өзгересің. Ішкі бетперделеріңді, образдарды кіріктір. Оларды қалай ойнататыныңды бақыла. Шырқау биігіне дейін шыңда, сонда тірі болу, сезіну, ойлау, әрекет қылуда еркін боласың, шынайылықты меңгересің.

Қозғалыстағы рух жан жарасын жазады, көңіл көкжиегін кеңейтеді, ішіңдегі отты жағады, тәніңді сұлу етеді, түйсіктің қатпарларынан қалқып өтіп, әрекетсіздіктен ләззатқа жеткізеді. Рухыңа жол аш, сонда өзгересің.

Қозғалыс – менің делдалым әрі метафорам. Егер бойыңды кернеген қуатқа өздігінен тәмамдалуға мүмкіндік берсең, онда ол жаңа толқынды көтереді. Бар білерім осы ғана. Сол толқынды ерттеп мінген адам ғаламдық биге қосылып, күн мен жұлдызға иелік ете бастайды.

Габриэлла Рот
Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған