Сəуле апайдың туған күніне арнау

Толғаса тарихтан сөзі дара!

Қуанса шуақ шашып маңайына,

Сыйлы боп келе жатыр ағайынға.

Тынымсыз уақыттың өрмекшісі,

Өрмелеп бара жатыр самайына.

 

Өмірдің көрген жақсы, жаманында,

(Бір күні есеп берер Ар алдында!).

Шаттықтың шуағына шомылғанмен,

Құрбаны болған талай жаланың да.

***

Шын күліп, шын жылайды, жаныменен,

Емделген Алғыс дейтін дəріменен?

Тіл үшін шырылдайды тыным таппай,

Қазақтың қайсар қызы қаныменен.

***

Толғайды заман жайлы, адам жайлы,

Ізгілік көктесе деп армандайды.

Найза – сынмен қаншама түйреп өтті,

Ұлтына илікпеген сормаңдайды.

 

Өзі қажы, өзі ұстаз, өзі ана,

Салт – дəстүрді ұстанған кезі дара.

Немере – шөбереге ардақты əже,

Толғаса тарихтан сөзі дана!

***

Күресіп қоғамдағы жалғандықпен,

Келесіз бір қайтпастан алған беттен!

Туған күн құтты болсын, Сəуле апай,

Артыңыздан аңырап қуып жеткен!

***

Құрметпен: Нағашыбай Қабылбек

және «Қазақстан-Заман» газетінің ұжымы

 

One thought on “Сəуле апайдың туған күніне арнау

  • 21.09.2017 at 15:16
    Permalink

    Осындай тамаша тілектер иесі – Сәуле апайдың еңбек жолдары баршаға үлгі ! Ол кісінің жаңашылдығы, заман ағымымен қатар жүретін небір тың жаңалықтары өсіп келе жатқан жастар ға айқын жол десек болатындай ! Алланың берген жасы – 71 жасында мемлекетіміздің алдыңға қатарлы зайырлы елдердің төрінен орын алуына өз саласында әлі де айтары да , қолынан келері де бар екені осы уақытқа дейін атқарған істерінен, алдына қойған жоспарларынан байқауға болады ! Барған жерінде көрген кемшіліктерін тайсалмай, парасатпен жеткізіп , өз ұсыныстарын нақтылап орындамасына болмайтындай етіп жеткізе алатынына риза боласың !
    Ел Анасы деген атқа әбден ылайық Сәуле апамызға жан-жағыңызға шуағыңызды шашып, ортамызда жол көрсетіп аман-есендікте болыңыз демекпіз !

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған