Сағадиев орыс мектептерінде оқитын 500 мың баланы қазақ тілінде сөйлетпек

 Орыс мектептерінде білім алып жатқан 500 мың баланы қазақ тілінде сөйлететін жаңа әдістеме жасалды. Бұл туралы бүгін елордадағы №80 мектеп-гимназияда өткен алғашқы қоңырау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Барлықтарыңыз білесіздер, қазіргі уақытта жағдайымыз жаман емес. Қазақ балаларының 90 пайызы қазақ тілінде білім алып жатыр. Мәселен, мен оқыған уақытта Алматы қаласында 65 мектептің біреуі ғана қазақ тілінде болатын. Қазір қазақ балаларының 90 пайызы ана тілінде білім алуда. Демек шуласақта, шуламасақта уақыттың өзі келеді», – деді ол. Осы ретте Ерлан Сағадиев Білім және ғылым министрлігі айрықша назар аударатыны орыс мектептерінде білім алып жатқан 500 мыңға жуық баланы қазақ тіліне үйрету екендігін баса айтты. «Олар 11 жыл оқыса да қазақ тілінде сөйлемейді, әдістеме нашар. Біз оны түсініп отырмыз. Жаңа әдістеме дайын. Ілкі жоба ретінде мыңнан астам мектепке енгізгелі отыр. Ол коммуникативтік технология, сөздік қоры минимум болып жасалған. Ілкі жоба өз нәтижесін беретін болса, келесі жылы мектептерге енгізетін боламыз», – деді министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған