Сенің үйіңдегі сүйіспеншілік – өміріңнің негізі

1.Ескеріп жүр: ұлы махаббат пен аты-шулы жетістіктің астарында зор тәуекел тұр.

  1. Жеңіліп тұрып: алған сабағыңды түйіп қой.
  2. Өзіңді сыйла: өзгені сыйла, барлық әрекетіңе жауапты бол.
  3. Есіңде болсын: кейде қалауыңа қол жеткізе алмау – барып тұрған сәттілік.
  4. Ережені жатта: оны лайықты деңгейде бұзуға жеңіл болады.
  5. Жол берме: ұсақ-түйек керіс үлкен достыққа зиянын тигізбесін.
  6. Түйсін: қателік жасасаң, оны түзеуге тырыс.
  7. Күнделікті: аз уақытыңды жалғыздыққа арна.
  8. Ашық бол: өзгеруге бейім бол, бірақ өмірлік ұстанымыңды шашып алма.
  9. Есте сақта: кейде үндемеу – ең ұтымды жауап.
  10. Өмір сүр: лайықты және адал бол. Сонда қартайғанда артыңа қарап қуанасың.
  11. Сенің үйіңдегі сүйіспеншілік – өміріңнің негізі.
  12. Жан жарыңмен ұрыс-керісте тек бүгінгіні сөз ет, өткенді еске алма.
  13. Өз біліміңмен бөліс. Мәңгілікке апарар жол осы ғана.
  14. Жер-Анаға мейірімдірек бол.
  15. Жылына бір рет ешқашан табаның тимеген жерге баруды әдет қыл.
  16. Ең ғажап қарым-қатынас – махаббаттың бір-біріңе деген сұраныстан да асқақтыққа көтерілуі.
  17. Жетістікті оған жету үшін қандай құрбандық жасағаныңмен бағала.
  18. Махаббат пен аспаздықта жалтақтық болмауы тиіс.
    Далай Лама

Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған