Сен қандай перзентсің?

 Ей, қайырымды перзент! Ұлағатты ұрпақ! Бір сәт назарыңды сал да, төмендегі сұрақтарға жауап берші?!

–         Бізді жуындырған, дәретіміз бен бүлінген киімдерімізді еш жиіркенбей сан мың рет жуған, үтіктеуге ерінбеген анамыздың маңдайынан соңғы рет қашан сүйдік?

–         Біз үшін секундтар мен сағаттарын ғана емес, бүкіл өмірін арнаған анамызға жылына қанша күнімізді қидық?

–         Тамақты шайнап беріп, астың ең жақсысын алдымызға қойған ата-ананы бір тортпен ғана алдағымыз келе ме?

–         Анамыз қалам мен қасық ұстауды үйретті, ал біз оған жылына қанша рет гүл ұстаттық?

–         Киінуді, түйме қадауды, аяқ-киімнің бауын қадауды үйреткен анамызға жылына қанша рет орамал сатып алып беріп жүрміз?

–         Анамыз бізге жазу мен оқуды үйретті, ал біз оған ыстық лебіз толы хаттарды күнделікті жолдап жүрміз бе? Ізгі тілекті соңғы рет қашан айтқанымыз есімізде бар ма?

–         Бізді қолына көтеріп, жүрегі лүпілдеп қаншама дәрігердің есігін қағып, көмектесуін сұраған жанды арқамызға емес, тым болмаса көлігімізге отырғызып қайда апарып келдік?

–         Ол біз үшін жеке өмірін, қызығушылығын, денсаулығын шетке ысырып қойған жоқ па еді? Өйткені, оның өмірінің бар қызығы, қуанышы  бала еді.  Ал сіз оны жылына қанша рет қуантып жүрсіз?

–          Бүгін оның қал- жағдайын білдіңіз  бе? Ал кеше ше? Қажетін сұрадыңыз ба? Бір рет болсын аяғын уқалап, ұйқыда жатқанда көрпесін жаптыңыз ба?

–         Баланың есендігі, жылы сөзі, қамқорлығы – ата-ананың жүрегіне қуаныш сыйлайды. Біз сол қуанышты жылына қанша рет жеткіземіз?

–         «Алла Тағаланың разылығы – ата-ананың разылығында» (Тирмизи). Ал біз Алланың разылығын жылына қанша күн іздеп жүрміз?

asylarna.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған