«Сен  өзгерсең,  сенің  әлемің де өзгереді»

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №5 жалпы орта  білім беру мектебінде «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық жобасы аясында мектеп мұғалімдеріне «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімдерінің жүргізуімен «Сен  өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» атты тренинг өтті.  

         Тренингтің  мақсаты – айналамыздағы  адамдармен  қарым – қатынасымыз  қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? – деген сұраққа  жауап іздеу,  тұлғаның  даму  көзқарасын анықтау.

3

Бұл тренинг бір – бірімізді көбірек тануға арналды. Біз ұжымдағы бір әріптеспен   таныс  болсақ, осы тренингке  қатысып отырғандардың  ішінен біреуін көбірек  танысақ, біреуін  біліңкіремейміз. Сондықтан да, бұл тренинг мұғалімдердің психикалық көңіл – күйлерін көтеруге, өз бойларындағы шығармашылық  қабілеттерін бағалай білуге, өз – өзіне құрметпен қарауға, бір -бірімен сыйластық қарым – қатынаста болуға, стрестен арылуға шақырады.

Алдымен тренинг «Нұрға бөлену» тыныштық сәтінен басталды. Мұнда мұғалімдер мәтін арқылы сергіп, жақсы ойлармен шабыттанады.

         Тренинг барысында «Жаман ойдан арылу» жаттығулары арқылы  психологиялық дайындық жасалды. Өз жалғасын «Ерекше есім» ойыны барысында  мұғалімдер өз есімдерін теріс қарай айтып, өздерін таныстырды. Ал,  «Ауызбіршілікке шақыру» жаттығуында  мұғалімдер екі топқа бөлініп, белшеңберді  пайдалану арқылы сұқ саусақтың ұшымен белшеңберді түсіріп алмай мәреге жеткізді. Бұл ойында мұғалімдердің қаншалықты аузыбіршілікті екені байқадық.

2

«Жалғыз адам не істей алады?» атты  қойылымда өмірде болып жатқан әр түрлі  жаман  әрекеттер әңгімеленді. Мысалы: өтірік айту, ұрлық жасау, пара алу, ішімдік ішу, шылым тарту, айналаны қоқыспен ластау, біреуді балағаттау, төбелесу, жанжалдасу сияқты бүгінгі күннің жағдаяттары сөз болды.

Оны тоқтату бір адамның қолынан келмейді, оған барлығымыз жұмыла кірісуіміз керектігін мұғалімдер өз ойларымен жеткізді. Ол үшін әр адам өзін жақсы жаққа өзгерте бастаса,  жұмыста да, үйде де, қоғамда да, көшеде де  өзін адал әрі шыншыл  ұстайтын болса, өмірде ешбір жаман ойлы адам болмастығын түсінді.  Сонда ғана  адамдар бір – бірімен тату – тәтті, бейбіт өмір сүреді.

Адамдар! Әрбір мұғалім әлемді өзгертуге жол ашайық, әрбір адам өзінен бастасын! – деген ұранды көкейлеріне түйіп кетті. Оны өздерінің «Аялы алақан» бетшесі арқылы риясыз көңілдерін білдіру арқылы жаза алды.

 Жанболова З.Т.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы 

«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша

пилоттық №5  жалпы орта  білім беру мектебінің

бастауыш сынып және өзін – өзі тану пәні мұғалімі 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған