Симеон Афонскийдің ғибратты сөздері

Ең жақсы ұстаз кім? — Қайғы.

Ең нашар ұстаз кім? — Рахатқа бөлену.

Қандай қасиет ең сирек кездеседі? — Бере білу.

Қай қасиет ең жақсы? — Кешіре білу.

Қай қасиет ең қиын? — Үндемеу.

Қай қасиет аса маңызды? — Сұрай білу.

Ең керекті қасиет не? — Тыңдай білу.

Ең қауіпті күрес не? — Қиялмен күрес.

Қай әдет ең сүйкімсіз? — Шатақ шығару.

Қай әдет ең зиянды? — Мылжың болу.

Қандай адам ең мықты? — Ақиқатты түсінген адам.

Қандай адам ең әлсіз? — Өзін мықты санаған адам.

Қандай адамды парасатты дейміз? – Жүрегін қадағалап ұстайтын адам.

Қандай байланыс ең қауіпті? — Өз тәніңе деген іңкәрлік.

Қандай адам ең кедей? — Бәрінен де ақшаны жақсы көретін адам.

Құдайға қандай адам жақын? – Мейірімді.

Ең осал адам кім? — Өзгелерді жеңе білген жан.

Рухы мықты адам кім? — Өзін-өзі жеңген адам.

Қайғыны немен жеңеді? — Қуанышпен.

Қайғыға немен қарсы тұрады? — Төзіммен.

Санасы саудың белгісі не? — Сенім.

Жан дертінің белгісі не? — Үмітсіздік.

Жаман істің белгісі не? — Ашу.

Жақсы істің белгісі не? — Жан тыныштығы.

Симеон Афонский

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған