Солтүстікте республикалық шаңғы марафоны өтті

Петропавл қаласының Борки кентінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай шаңғы марафоны өтті. Спорттық іс-шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

dsc_3670

«Тәуелсіздік жылдарында Солтүстік Қазақстан облысында көптеген спорттық нысандар салынды. Бүгінгі таңда өңірде 2700-ден астам спорт ғимараты бар. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастыратын боламыз. 2 жылдың ішінде облыста 192 хоккей корты, 250 футбол алаңы салынды, олардың 46-сына жасанды жабын төселген, сегіз жабық хоккей кортын аштық. Солтүстікқазақстандықтар еліміздегі салауатты өмір салтын ұстанушылардың саны бойынша алдыңғы орында, тұрғындардың 29,6%-ы спортпен белсенді шұғылданады», – деді өңір басшысы.

                          dsc_3651   dsc_3967

Солтүстік Қазақстан облысында шаңғы марафонын салтанатты ашу арқылы қысқы спорт түрлері маусымы басталды. Қатысушыларды Қазақстан Республикасының президенттік көпсайысынан бірнеше дүркін чемпионы Александр Наумов құттықтады.

dsc_3806Сайысқа 600-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде облыстың еңбек ұжымдары, студенттер, мектеп оқушылары бар. Жарысқа қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған