СҚО әкімі ҚХР делегациясымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысына өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысу мақсатында Шэньси провинциясының Сиань қаласынан делегация тобы келді. Кездесуді ашқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.

                        dsc_8094    dsc_8101

«Облыс жылына 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет, 600 миллион дана жұмыртқа шығарады. Біз органикалық, экологиялық таза өнім өндіреміз. Бүгінде ҚР Үкіметі мен ҚХР арасында біздің азық-түлік өнімдерін Қытайға экспортқа шығару бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өнімдеріміздің сапасы жоғары және бәсекеге қабілетті», – деді өңір басшысы.

Жақында ғана СҚО-да Қазақстан-Қытай жобасы іске қосылып, «Айцзю» компаниясы Тайынша ауданында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт ашты. Ерік Сұлтановтың сөзіне қарағанда, облыста инвестиция аударудың өзге де тиімді көздері бар. Дәстүрлі аграрлық және машина жасау саласынан бөлек, басқа да бизнес-жоспарлар мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері көп. Бұл жөнінде толығырақ облыс әкімінің орынбасары Ратмир Ахметов баяндады.

                        dsc_8124    dsc_8116

Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік деңгейде қолдауға ие. Асыл тұқымды мал шаруашылығын  дамыту, өнімділікті арттыру, мал шаруашылығы өнімінің сапасын жоғарылату саласы субсидияланады. Мал шаруашылығын дамыту кезінде ірі қара мал терісі мен жүнін өңдейтін өндіріс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін шикізат пайда болады.

dsc_8177

Сондай-ақ, облыс әкімі қонақтарды инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша жеңілдіктер жөнінде хабардар етті. Жобаларды жүзеге асыру кезінде экономиканың басым бағыттары бұл корпоративті және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босату және құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылғыларды сатып алуға жұмсалған қаражаттың 30%-ын қайтарып береді. Жобаларды жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды белсенді пайдаланады.

Өз кезегінде Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитет төрағасы Чэнь Баогэнь Солтүстік Қазақстан облысының басшылығына қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, солтүстік өңірінің зор әлеуетін атап өтті.

dsc_8135

«Сіздерге расын айтайын, Қытайда осындай аз уақытта зауыт салынбас еді. Мен Қазақстанның инвестицияларды қабылдау мен дамытуға даяр екенін көрдім. Солтүстік Қазақстан облысына «Айцзю» компаниясының кәсіпорын салуы өңірдің ауыл шаруашылық кешені мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға әсерін тигізеді», – деді.

Сиань қаласының Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитет төрағасы Чэнь Баогэнь қытайлық инвесторлар арасынан да «Айцзю» компаниясының мысалында Солтүстік Қазақстан жерінде жобаларды жүзеге асыруға тілек білдірушілердің табылатынына сенімін білдірді. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов осы кездесу өңірлер арасында өзара іскерлік және достық байланыстардың табысты дамуына ықпалын тигізетіндігін атап өтті.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған