Сұлулық зертханасы: Күрішпен ағзаны тазалау

Ағзаны тазалау – денсаулық сақтаудың ең жақсы тәсілі. Тазаланудың қолжетімді әдісінің бірі – күрішпен тазалану. Оны жылына 1-2 рет екі аптадан бір айға дейінгі мерзімде жасау керек. Нәтижесі бірнеше күннің ішінде көрінеді. Тұла-бойыңыз жеңілдеп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Зат алмасуды, бауыр мен бүйректің қызметін жақсартады, буындарды, тамырларды, теріні тазартады. Артық салмақтан да біртіндеп құтыласыз.

Күрішпен тазаланудың құпиясы

Ағзаны тазалау күріштің сіңіріп алу қасиетіне бағытталған. Крахмал мен балауыздан арылған жібітілген күріш ағзадағы керексіз заттарды өз бойына сіңіреді. Тазалануға өңделмеген күрішті пайдаланған абзал. Тұзсыз диета күріштің әсерінін арттырады. Ағзаны тазалау барысында спирттік ішімдік пен темекіден бас тартқан жөн. Майлы, сүрленген, ащы тағамдарды да шектеу керек.

Күрішті дайындау тәсілі

Күріштің тазалау күші арту үшін крахмал мен балауыздан артылту қажет. Ол үшін 5 стаканды номерлеңіз. Себебі күріштің дайындалуына 5 күн кетеді. Тек алтыншы күні ғана ағзаны тазалауды бастай аласыз.

Бірінші күн.

№1 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Екінші күн.

№1 стакандағы күрішті дұрыстап жуып, суық су құйып, бетін жауып қоямыз. №2 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Үшінші күн.

№1 және №2 стакандағы күрішті жуып, үтіне таза су құямыз. №3 стаканға күріш салып, су құямыз.

Төртінші күн.

1-3 стакандағы күрішті жуып, суын ауыстырамыз. №4 стаканға күріш салып, су құямыз.

Бесінші күн.

№1-4 стакандардағы тәртіпті қайталаймыз. Сол сияқты №5 стаканды дайындаймыз.

Алтыншы күн.

№1 стакандағы күрішті тұз, қант, май – ештеңе қоспай әзірлейміз. Ал босаған стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, бұқтырып қоямыз. Егер гастрит, асқазанның ойық жарасы сияқты аурулармен ауырмайтын болсаңыз, күрішті пісірмей жеу керек. Күрішке қайнаған су құйып, 15-20 минут бұқтырамыз. Бұл жағдайда күріштің тазалаушы қасиеті жоғары болады. Піспеген күріш ағзаны тұздар, холестерин мен қоқыстардан ғана тазалап қоймайды, сонымен қатар іштегі паразиттерді кетіреді.

Күрішпен тазалану кезінде қалай тамақтану керек?

Таңғы ас ішпестен жарты сағат бұрын қайнаған су немесе шөп шай ішу қажет. Сусынға лимон шырынын қосуға болады.

Тазалану барысында таңғы асыңыз тек күріш болады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін асықпай шайнап жеу керек. Таңертеңгі аста да, содан кейінгі 4 сағат аралығында да ештеңе жемеңіз, су да ішпеңіз. Күріш ағзаңызда қызмет етсін.

4 сағаттан кейін не қаласаңыз, соны жеуге болады. Бірақ жасанды қосындалары бар және қанты көп тағамнан тартынған жөн. Күріш ағзадағы керексіз қалдықтармен қоса денеге қажетті калий тұздарын да шығарып тастайды. Сол үшін құрамында калийі жоғары дәрумендер мен минералдарды тұтынған дұрыс. Бұлар: жас картоп (буға не суға піскен), кептірілген өрік, мейіз, інжір, банан. Калийге бай кепкен жемістерден денсаулыққа өте пайдалы жеміс тортын дайындауға болады. кепкен жемістің әрқайсысынан бірдей мөлшерде (апельсин мен лимонның қабығын қосуға да болады) алып, еттартқыштан өткізіп, балмен араластырамыз. Тоңазытқышта сақтап, тәттіге тәбет тартқан кезде жеу керек.

islam.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған