ТАБАНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ НҮКТЕЛЕР – САУЫҒУДЫҢ КЕПІЛІ

Аяққа күні бойы күш түсетіндіктен қатты шаршайды. Кешқұрым уақытта. әсіресе. биік өкшелі аяқ киімді ұнататын әйелдер қауымы аяқ шаршауынан зардап шегеміз. Осындайда табан массажы аяққа түскен ауыртпалықтан арылтуға көмектеседі және оны тек қана сол үшін жасамау керек!

Рефлексология қағидаларына сәйкес, аяқ табандарында ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Аяқтарды уқалау сияқты қарапайым әрекет дененің әр түрлі мүшелеріндегі ауру туралы ұмытуға көмектеседі. Айрықша аймақтарға әсер етудің арқасында ішкі органдарға қан ағыны келіп, денсаулыққа қатысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Аяқ массажы

Аяқтарда орналасқан жүйкелер сауығудың маңызды құралы. Қиыр шығыстық медицинада табан және саусақ массажы панацея (барлық аурудан құтқаратын әмбебап дәрі) деп саналады. Мұндай процедураны кешке жасай отырып, күш ағынын сезінумен қатар, түнгі ұйқыда толыққанды демаласыз және таңертең сергек оянасыз. Бұл тек қана пайдалы терапия емес, ол жанға өте жағымды терапия.

Аяқ массажын жасаудың белсенді нүктелері:

1. Егер аяқтың ұштарын уқаласа, бас ауруынан құтылып, ми қызметін жақсартуға болады.

2. Үлкен бақайдың айналасы мойын ауруын жазуға көмектеседі, тек қана белсендірек уқаласаңыз болғаны.

3. Табанның орта жағын уқалау өкпе ауруымен күресуге көмектесіп, демікпедегі патологиялық жағдайды жеңілдетеді, ентігуді басады.

4. Үлкен бақайдан аздап төмен орналасқан аймақты уқалап, сіз жүрек-қан тамырлары жүйесін қорғай отырып, жүректің еш шалыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз етесіз.

5. Табандағы дөңестің ішкі жағын уқалау  бауырға түскен күштен арылтып, ауыру сезімінен құтқарады.

6. Өкшені жақсылап уқаласаңыз, беліңіздің ауырғаны сап тиылады.

Амангүл Ермекқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған