Табыс — Жүректе жасырынған Құдай құпиясы

Өз заманының ғылымын білмей

өмір сүрген кісі, надан болып өледі. 

Насыр Ахмет Қалпе 

Күллі ғаламдық жүйенің жасалуында Адам ақылы мен санасы жетпейтін Илахи заңдылық жасырынған. Сондықтан ғарыштан жер бетіне дейін, жер бетіндегі әр тіршілік иесінің, өзінің даму заңдылығы мен тіршілік ету салты бар. Ешқандай тәртіке бағынбайтын дүние жоқ. Барлық дүние белгілі заңдылық бойынша өмір сүреді. Тіпті, біз жасап отырған нарықтық қоғамның да біліктілігіне сай жұмысы, еңбегіне жарай ақысы дегендей тәртібі бар. қысқаша айтқанда, не ексең соны орасың. Осы нарықтық-экономикалық формацияда әркімнің де табысты адам болғысы келеді. Ал көптеген адамдар сол табыстың не екенін жақсы білмейді. Сондықтан да олардың өмірде жолы болмай жатады. Табыс дегеніміз тек материалдық байлық қана емес, ол адамның жан дүниесі, өмір салты, ойлау жүйесі. Олай дейтініміз өмірі мол ақшаға кенелмеген адамға қанша мол етіп ақша берсеңіз де аз уақыттан соң қайтадан баяғы қалпына түседі. Себебі, байлық — адамның өмір салты мен ойлау жүйесіндегі құндылық.

Адамзаттың ғұмырлық философиясында ғұмыр кешудің екі формасы қалыптасқан. Бірі өмір сүру, екіншісі тіршілік ету. Алайда, жұрттың көбі тіршілік етіп қана жүр, өйткені өмір сүру мен табысқа жету екеуі егіз ұғым. Өмір сүрген Адам табысқа жетпей тынбайды, ал тіршілік етіп жүргендер табысқа жете алмайды. Мұнда маңыз жеткен табыстың саны мен сапасы емес, табысқа деген түсіністікте жатыр. Жай көру мен сезу тіршіліктің бейнесі, ал шынайы өмір ол толғаныстар мен терең ойлаудан тұрады. Терең ойлау үшінде оқу, рухани ізденітер болу тиіс.

Адамның жеке дара өмір философиясы оның тағдырын шешеді. Тағдыр аспаннан түспейді немесе ол туа бітті маңдайға жазылатын дүние емес. Ол — адамдардың қалауымен өмір жолында кездесетін құбылыстардың жиынтығы. Тағдырды Жаратушы ешбір пендесінің маңдайына зорлап таңбайды, тек мүмкіндігін ғана береді, талдау өз қолыңда. Осы тұрғыдан алып қарағанда, табыс Адам «менінің» бір көрінісі болса керек. Ал осы «мен» сипаты көрер көзге анық көрініп тұрғанымен оның көзге көрінбес ұсақ мінездік ерекшеліктерден құралатынын ескермейміз. Олай болса, табысты өмірдегі сәттіліктер мен сәтсіздіктердің шекарасы деп тұжырымдауға да болады. Сәттілік дегеніміз күнделікті қайталанатын пайдалы ойлар мен ізденістер және іс әрекеттердің жиынтығы. Ал сәтсіздік болса, күнделікті қайталанатын қарапайым қателіктердің қордалануы. Өмірде сәтсіздікке ұшырау сәттілікке жетуден гөрі жеңіл әрі оңтайлы. Адамдардың көбіне көп жолы бола бермеуінің бір себебі осында. Сәттіліктер табыстың жолы және барысы, табыс оның түпкілікті нәтижесі. Сәтсіздіктер болса, табыстың аяғына тұсау болатын шідер. Осыдан көруге болады, табыс анау айтқандай аса күрделі, екінің бірінің қолынан келмейтін тылсым дүние емес, тек біліктілігін қайталай шыңдай берудің нәтижесі.

Адам үшін соның ішінде табысқа жеткен адамадар үшін алып айтқанда, өткен күн дегеіміз ол өлген күн. Әр Адам өз тағдырын тек өзі жасауы мен құруы керек, себебі адам тағдыры да салған үйі сияқты, баспананы кім көрінгенге сеніп тапсыруға болмайды. Шынайы жақсы баспана тұрғызғыңыз келсе, оны өзіңіз жоспары түрде, біртіндеп рет-ретімен, тәртібімен салуыңыз керек. Сол сияқты тағдырда жақсы болуы үшін оның ірге тасынан соңғы әрлеу жұмысына дейін өзіңіз қалауға тиіссіз.

Ғаламның бәрі айналаста, қозғалыста, тіршілік атаулы әрекетте сондықтан кез келген ойда, әрекетте, білім де, ақша да тірі күйде немесе әрекетте болуы қажет, олай болмағанда, ол өлген дүние болмақ, ал өлгеннен еш жауап, нәтиже күтуге болмайды. Олай болса, табысқа жетуге қажетті мәңгілік тірліктің, іс әрекетің көзі неде? Ол қайда жасырынып жатыр? Ол — кез келген сәтті бейне өмірдің соңғы сағатындай көріп, ерекше саралайтын санада жатыр. Ол философиялық ойды да, білімді де, тәжірибені де бәрі-бәрін ең соңғы заттай, бұдан бұрын айтылмағандай, оны алғаш болып сен айтып, сен істегендей қастерлеп ел жұртқа жеткізуге асығатын алып-ұшқан сезімде жатыр. Ол — сол құнды дүниелердің өзіңмен бірге соңғы сәттің құшағында кетіп қалмауы тиіс деп шырылдаған жанның дауысында жатыр. Бір қызығы осы санада, сезімде, жан да барлығыда жүректе мекендеген. Алла тағала дүниенің құпиясын биік таудың басына, терең мұхиттың шұңғымасына тығыпты деседі, бірақ, ең соңында Адам баласы таба амасын деп оны адамның жүрегіне жасырпты. Сондықтан жүрегіне үңіген Адам ғана табысқа жетудің жолын табады.

Табысқа үңілген жан оның ешқашан өзін күтіп тұрмайтынын біледі. Ол кенет келуі, аяқ асты кетіп қалуы мүмкін. Бірақ ол Адам өмірінде бір ақ рет келетін, қайта айнанып соқпайтын ғажап құбылыс емес, ол Адам үшін өмір бойы әлде неше мәрте келетін, қайталанатын мүмкіндіктер. Бұл мүмкіндіктер адамдарға әр түрлі кездеседі және кездесу реті де түрліше болады, біреуге тұтас дайын күйінде кездессе, біреулерге елес беруі, ал енді біреулерге жолы ғана көрсетлуі мүмкін. Табыстың адамға кездесу рет саны да алуан түрлі. Біреулерге жиы, ал енді біреулерге сирек, тіпті, кей адамдарға кездеспеуі де мүмкін. Оны Адам баласы көзімен көріп, қолымен ұстай алмайды. Себебі табыс – Алла тағаланың жүрекке жасырған құпиясының бірі.

Оны іздеу керек, оған бастар жолды білмек керек, сонда ғана оның келген сәтін сезіп білуге болады. Ал ізденбеген жерде Адам оның келгенін, қасынан өтіп бара жатқанын, тіпті, қолын созса құшағына құлауға шақ тұрғанын да сезбейді. Ал ізденіп жүрген жан табыстың өзі түгіл елесін көріп, исін сезеді. Кім де болса, табысқа жетудің мүмкіндігін көбірек алғысы келеді, бірақ оған өзін дайындамайды. Дайындау үшін Адам өмір бойы өз-өзін дамытып отыруы шарт. Себебі табыс сәттілік адамға айтып келетін қонақ емес, сондықтан кез келген уақытта келетін табыс сәтін күтіп алуға дайын болуымыз тиіс. Кімде кім ізденісте болып, табыс келерін күтіп жүрсе табыс та оны іздейді, онымен қауышуға асығады. Өмірде де бір бірін ұнататын адамдар ғана бірін-бірі сағынады. Алла Тағала кім өзін іздесе, ол да соны іздейтінін, кім өзіне қарай бір қадам баса, ол оған қарай он қадам басатынын, кім оған қарай жүрсе, Ол сол пендесіне қарай жүгіретінін айтқан емес пе? Табыс та сол, кім оны іздесе ол да соны табады. Себебі, табыс та Алланың құпиясы мен құдіретінің бірі. Іздеген жанның табыспен қауышуға реті мен мүмкіндігі жиы, іздемеген жанның табыспен қауышу реті де аз болады.

Олай болса, қандай адамда онымен кезесуге мүмкіндігі болмайды? Ол ақыл есі кем ауру адамдар ғана, басқа адамдардың барлығы да, ол мейлі денелік тұрғыдан кемтар, кембағал болсын, мейлі, кедей, әлеуметік жағдайы нашар қоғамның әлжуаз топтары босын олардың барлығының да табысқа кездесуге мүмкіндігі болады. Алайда, шындығы сол олардың табыспен жолығудағы реті аз болады. Онда оны Құдайдың әділетсіздігі деуге бола ма?

Жоқ олай емес, мәселе табысты кімнің қалай қабылдауында жатыр. Табыс мейлі қалай болмасын кез келген адамды ұзақ күтпейтінін айттық, себебі, онда үш түрлі қасиет бар.

Біріншіден табыс та Алланың сипаты бар, ол Алланың сынағы, ал сынақ ұзақ болмайды.

Екіншіден, табыста материалдық қасиет бар. Ол қымбат құндылық, ол қысқа уақыт ішінде өз құнын төмендетпейді.

Үшіншіден табыста адами сипат бар, ашығын айтқанда табыс сұлу да, такапар әйел іспеттес, ол сені сарыла күтіп отырмайды. Сенен де мықты Адам кездессе сонымен ілесіп кете барады. Сондықтан табыс осы шақтың нәтижесі, осы жер, осы сәт және сен – өзің ғана, осы үшеуі табысты құрайды. Осы үшеуінің ішінде мекен де, мезгіл де маңызды. Орын қолайлы болып, уақыт сай келмесе, онда табыс сарылтады. Жер қолайсыз болып, уақыт жарасымды болса, онда да табыс арытады. Бірақ, осылардың ішінде басты фактор сенің өзің. Себебі, уақыт қаншама қырын қараса да, мекен қаншама қолайсыз болса да, адамның ақыл ойын тұншықтырып, тұтқынға ұстай алмайды. Адам санасы Алланың нұрындай шексіз және күшті. Сол үшін де адам өзіне-өзі қаржы құйып, дамытып, өле-өлгенше заман ағымынан қалмауы тиіс-ақ. Міне табыс дегеніміз осы. Бастысы жеткен табысты ұстай білуде. Кімде кім көтерілген биігінде қалып қойса, сол ғана нағыз табыскер. Өмір өзінің силығын басында емес, соңында береді дегеніміз осы.

Қастер Сарқытқан
Абай атындағы ҚазҰПУ, Елтану және туризм кафедрасының доценті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған