Танымал өнер тарландары қайырымдылық концертін берді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен «Туған елге тағзым» атты қайырымдылық концерті  өтті.

                                     img_9466  img_9686

Қайырымдылық концертке еліміздің сахналарында өнер көрсетіп жүрген «Шаншар», «Алдараспан», «Нысана», «Шымкент-шоу» сатира театрларымен қатар облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, сондай-ақ,  қазақ эстрадасына танымал Марат Омаров, Таңат Мамырханұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада Байпатшанова, Қанат Үмбетов сынды әншілер қатысып, жерлестеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.

img_9519

Концерттен түскен 2 миллион теңге әлеуметтік жағдайы төмен, қоғамдық көмекті  аса қажет ететін 8 отбасыға 250 мың теңгеден үлестірілді.

img_9482

«Туған жерге тағзым» қайырымдылық шарасында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов барша қатысушы ордалы Оңтүстік өңірінің төл перзенттеріне алғысын білдірді.

img_9712

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстағы барлық мәдени мекемелер мен мәдениет үйлерінің өнер қызметкерлері тұрақты түрде өңіріміздегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барып, арнайы қойылымдар мен іс-шаралар ұйымдастырып балғын балаларды қуантуда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған