Таразда тұрғындарды тұрғын үймен қамту қарқынды жүруде

Нақты мәлімет бойынша  Тараз қаласында 16 054 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал оларды баспанамен қамту ең өзекті мәселе. Бүгінде Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйдің және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы басталды, – деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

Құрылысы қарқынды жүріп жатқан үйлердің үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болса, қалған екеуі келесі жылға өтпелі. Бұдан бөлек, 15-ші мөлтек ауданында 80 пәтерлі 1 несиеге берілетін тұрғын үй мамыр айында қабылданып, қалған 80 пәтерлі 9 үйдің құрылысы тамыз айында пайдалануға беру жоспарланыпты. Сондай-ақ аталған алқапта жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60 пәтерлі 11 кредиттік үйдің құрылыстары басталды. Сонымен қатар кезекте тұрған көпбалалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақхананың құрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға берілмек.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген екен. Оның 255-іне 4 мердігер келісімшартқа тұрған. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталыпты. Бұдан бөлек, қосымша 15 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.       Осы тұрғын алқапта аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 239,5 млн. теңге бөлініпті. Аталған үйлердің құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Ал, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға  71 493  азамат кезекке тіркеліпті.  Жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалмақ.   Олар, Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл барлығы 3 752 жер кезегінде тұрған азаматтарды жермен қамтуға мүмкіндік береді екен.

Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

 

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.