Тараз жұрты «Қазақстандық өнімді таңда» акциясына дән риза

Тараз  қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған желілік кесте мен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Скиф трейд» сауда орталығында отандық тауарөндірушілерді қолдап және отандық өнімдердің үлес салмағын арттыру мақсатында «Қазақстандық өнімді таңда» атты акция өткізілді. Бұл туралы «ЕлАна» өңірдің Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

20161103_100917-1

Акцияға 100 ден аса қала тұрғындары қатысты. Акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындарына әлеуметтік күнделікті қолданатын негізгі тауарларға 15-25 пайыз аралығында жеңілдіктер жасап, біршама тауарлар арзандатылған бағамен сатылды. Олар мысалы халық күнде қолданатын ұн, шай, сұйық май, сүт, макарон өнімдері. Одан басқа шырындар мен томат пастасы, минералды суға 25-48 пайызға дейін жеңілдіктер жасалды. Көптеген отандық өнімдерге «Қазақстанда жасалған» логотипі қойылды. Бүгінгі күні арзан бағамен сауда жасаған халық өте риза болды.

                                  20161103_102204   20161103_101216  20161103_100237

Төменде көрсетілген тауар түрлеріне жеңілдіктер жасалады:

Тауар түрлері

 

Жеңілдікке дейінгі тауар бағасы, теңге Жеңілдетілген баға, теңге Жеңілдік %

 

1. «Снежинка» ұны ж/с,2кг 249 215 15,8
2.  «Граниум» ұны э/с,5кг 645 589 9,5
3. Сұйық май «Маслозавод», 1л 400 375 6,6
4. Сұйық май

«Хозяюша», 1кг

355 339 4,7
5.  «Любимое» айраны 3,2% 0,75л 205 168 22,0
6. «Президент» қаймағы 15% 400гр. 345 289 19,3
7.  «Ластел» сүті  3,2%1л 320 285 12,2
8. «Петропавловское» сүті 3,2%1л 225 195 15,3
9. «Мумуня» сүті 2,5%2л 445 376 20,2
10.  «Ассам» шайы210гр 580 509 13,9
11. «Пиала» шайы 210гр 595 536 11,0
12.  «Султан» спагеттиі 400гр 160 129 24,0
13.  «Султан» рожкиі 400гр 160 129 24,0
14.  «Барыс» ерекше рожкиі  1кг 160 129 24,0
15.  «Кэмми»  жұмыртқа лапшасы 250 175 139 25,8
16. «РAIMA»  шырыны, вишня 1л 199 169 17,7
17.  «DA-DA» шырыны, 1,5л 335 268 25,0
18. «Рай» томат пастасы,  720мл 380 329 15,5
19.  «ASSU» мин. суы 1л н/в 110 74 48,6
20.  «ASSU»  мин. суы 1,5л н/в 130 104 25,0
21. Кетчуп 3 желания 450гр 250 185 35,1

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған