Тараз футболының жаңа таланты

Ұлттық құрамамыз сенсация жасап, күміс жүлдемен күптелген «Гранаткин Мемориалы» турнирі арқылы танылған бірден-бір футболшы ол – Қазақстан U-19 құрамасының шабуылшысы, тараздық  Еркебұлан Сейдахмет. Тек еліміздің ғана емес, осы турнирді тамашалаған 16 мемлекеттің халқының назары осы ойыншыға ауды. Ал, Санкт-Петербургқа жиылған футбол скауттары мен агенттері Тараз футболының талантын қойын дәптерлеріне түртіп алғаны ақиқат. Міне, осы облыс мақтанышымен елге оралған бойы хабарласып, жарыстан кейінгі алғашқы әсерін білген едік. 

588494ef8b211

Еркебұлан, «Гранаткин мемориалы» турнирінде бағындарған биіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құрамамыз қазақ футболы тарихында болмаған толайым табысқа қол жеткізіп, Словакия, Словения, Грекия сынды алпауыт  мемлекеттердің командаларын тізе бүктірді.  Айтыңызшы, сіздерді  жеңіске не жетеледі?

– Жарысқа бас-аяғы 16 команда қатысқанын білесіздер.Енді сол командалардың арасынан  суырылып шығып,  ІІ  орынға табан тіреу біз үшін үлкен олжа  болды. Себебі қарсыластарымыздың қай-қайсысы болмасын оңай шағыла қоятын жаңғақ емес еді. Сондықтан ойындар аса тартысты жағдайда өтті.Ал бізге жеңіске жетуге жігер берген командалық ойын болды. Жарыс алдында жігіттер  өз-өзімізге бұл турнирден олжалы  ораламыз деп серт бердік. Нәтижесінде тактикалық ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріндік.

588494532d51d

– Ақтық сында алан  иелері Ресей құрамасына  бір  доп айырмасымен есе жіберіп қойдыңыздар. Алтын жүлдеге аяқ аттам жер қалғанда  команданың сәтсіздікке ұшырауына не себеп болды деп ойлайсыз?

– Ойынның алғашқы кезеңінде  жігіттер  қобалшып,  бір гол жіберіп алды. Алайда, жанкүйерлердің қолдауы жігерлендіріп, екінші кезеңде ресейлік құрамаға қарағанда жоғары дәрежеде ойын көрсеттік. Бірақ, амал қанша есепті теңестіре алмадық. Ойын болғаннан кейін жеңіс те, жеңіліс те болуызаңдылық қой.

Дегенмен,турнирдің «үздік шабуылшысы»  ретінде өзіңіз танылдыңыз. Осы сәтте қандай әсерде болдыңыз?
— Әрине, ондай сәтте көкіректі қуаныш кернейтіндігі мәлім. Бұл төгілген тердің өтеуі емес пе? «Үздік шабуылшы»  атағы тек менің еңбегім емес. Бұл бүкіл команданың жеңісі. Әсіресе, бізге футболдың әліппесін үйреткен бапкерлердің еңбегі ұшан-теңіз. Мәселен, Александр Кузнецов, Ахматжан Кошалиев, Игорь Светачев, Денис Мурзин, Фархат Мирсалимбаев, Георгий Хутиди, Ахмат Ташметов,Еркебұлан Досанов сынды жаттықтырушылардың есімі ерекше құрметке лайық.  Біздің биікке жетуімізге осы мамандардың сіңірген еңбегі өлшеусіз.

– Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Кузницовтың  бұл турнирде жасаған ерлігі ел есінде қалары анық.Осы орайда, құрама бапкері жайында бір ой айта кетсеңіз…

– Бұл кісі біз үшін әкеміздей болып кеткен адам. Жаттығуларда әрбір ойыншының позициясын дөп басып, кез келген футболшының  қай шепте ойынауы қажеттігін дәл айтады. «Гранаткин мемориалы» турнирінде де қалай қимылдап, қай қапталдан шабуыл жасауымыз қажеттігі туралы кеңесін тура берді. Соның арқасында ақтық айналымға  дейін жеттік. Бір сөзбен айтқанда, бұл кісі қазақ фуболы тарихының жаңа парағын жазып отырған теңдесіз маман.

-Жалпы өзіңіздің аладопқа деген қызығушылығыңыз  қашаннан  оянды?

– Мен өзім Тараз қаласының тумасымен. Бала кезден  доп тебуге әуес болдым. Сегіз жасымнан бастап бос уақытымның көп бөлігін алаңда өткіздім. Жаттығуларымды бір тоқтатпай, күнделікті бір әдісті үйренуге тырыстым. Міне, осындай еңбектің арқасында  биікке жетіп отырмын.

erkeb__lan

–Биыл мектепті тәмамдағалы отырсыз. Алда қандай жоспарларыңыз бар? Футболшы жолын қуу ойыңызда бар ма?

Иә,биыл Тараз қаласындағы №46 мектепті бітіргелі отырмын. Әрине, әрбір футблистің арманы жоғары премьер-лигада ойнау, өзін әлемдік клубтарда таныту.«Гранаткин мемориалы» турнирінен кейін әртүрлі клубтардан  шақырту келіп түсіп жатыр. Оны команда басшылығымен қазір талқылаудамыз.Дегенмен, «футболшы»  деген мамандық болмайды.  Сондықтан да болашақта заң саласында білім алсам ба деген ойым бар. Қазір мектепті бітіру сынағына дайындық үстіндемін. Содан кейін болашағыма қатысты бір шешім қабылдармын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбттасқан Саятхан Сатылғанов

 

 

.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған