ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ КЕШКЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР

“Аят әл-Курси” оқылады (“Бақара” сүресі, 255 аят). (№71- дұғаны қараңыз).
Ихләс сүресі, Фаләқ сүресі, Нас сүресі үш қайтара оқылады.”Аллаһуммә бикә асбәхнә, уә бикә әмсәйнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту уә иләйкәннушур” (егер таңертең оқылса).

“Аллаһуммә бикә әмсайнә, уә бикә асбахнә уә бикә нәхйа уә бикә нәмуту уә иләйкәл мәсыйр” (егер кешке оқылса).

اللّهُـمَّ بِكَ أَصْـبَحْنا وَبِكَ أَمْسَـينا ، وَبِكَ نَحْـيا وَبِكَ نَمـوتُ وَإِلَـيْكَ النِّـشور اللّهُـمَّ بِكَ أَمْسَـينا، وَبِكَ أَصْـبَحْنا، وَبِكَ نَحْـيا، وَبِكَ نَمـوتُ وَإِلَـيْكَ المَصـير

Аудармасы: Иә, Алла! Сенімен таң атырдық. Және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз, әрі Сенімен көз жұмамыз және қайтар жеріміз Сен жақ.

Кешке былай дейді: Иә, Алла! Сенімен күн батырдық, Сенімен таң атырдық, Сенімен өмір сүреміз, Сенімен (қалауыңмен) өлеміз және қайтуымыз Сен жақ. (Бұл дұғада “Сенімен” деген сөз ” Сенің көмегіңмен” деген мағынада).

“Аллаһуммә ъафини фи бәдәни, Аллаһуммә ъафини фи сәмъи, Аллаһуммә ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә Әнтә, Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә Әнт!” (3 рет)

اللّهُـمَّ عافِـني في بَدَنـي ، اللّهُـمَّ عافِـني في سَمْـعي ، اللّهُـمَّ عافِـني في بَصَـري ، لا إلهَ إلاّ اللّه أَنْـتَ . اللّهُـمَّ إِنّـي أَعـوذُبِكَ مِنَ الْكُـفر ، وَالفَـقْر ، وَأَعـوذُبِكَ مِنْ عَذابِ القَـبْر ، لا إلهَ إلاّ أَنْـتَ .(ثلاثاً)

Аудармасы: Иә, Алла! Тәнімді сау-саламат ет! Иә, Алла! Құлағымды сау-саламат ет. Иә, Алла! Жанарымды сау-саламат ет! Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Иә, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынамын. Сондай-ақ, қабір азабынан Өзіңе сыйынамын. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. (бұл сөздерді үш рет айту керек)

“ХәсбиаЛлаһу лә иләһә иллә һууә ъаләйһи тәуәккәлту уә һууә Раббул ъАршил-ъАзыйм”. (7рет).”

حَسْبِـيَ اللّهُ لا إلهَ إلاّ هُوَ عَلَـيهِ تَوَكَّـلتُ وَهُوَ رَبُّ العَرْشِ العَظـيم . (سبع)

Аудармасы: Маған Алла жетіп артады. Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ, Ол Ұлы ъАршының Раббы. (бұл сөздерді жеті рет айту керек.)

“Бисми-Лләһи әлләзи лә ядурру мәъас-миһи шәи ун фил-әрдый уә лә фис-сәмә-и-уә һууәс-Сәмиъул-ъАлим”. (3 рет).”

بِسـمِ اللهِ الذي لا يَضُـرُّ مَعَ اسمِـهِ شَيءٌ في الأرْضِ وَلا في السّمـاءِ وَهـوَ السّمـيعُ العَلـيم . (ثلاثا)

Аудармасы: “Алланың атымен, Ол сондай Аллаһ, Оның есімімен (болғанымызда), көктер мен жердегі ешбір нәрсе (бізге) зиян тигізе алмайды. Шынында Ол (Алла), толық Естуші, аса Білуші!” (Бұл сөздерді үш рет қайталау керек. Кімде-кім бұны таңертең және кешке үш реттен қайталаса, оған ешнәрнсе зиянын тигізе алмайды)

“Радыйту бил-Ләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин нәбийән”. (3 рет).

رَضيـتُ بِاللهِ رَبَّـاً وَبِالإسْلامِ ديـناً وَبِمُحَـمَّدٍ نَبِيّـاً .

Аудармасы: Алланы жаратушы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті пайғамбар деп өз ризашылығымды білдірдім. (Бұл дұғаны таңертең және кешке үш қайтара айтып жүрген кісіні киямет күнінде оны разы ету Аллаға тән.)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған