Тегін білген қазақтың бәрі туыс…

                   (Сыр толғау)

Қараймын қалыбыңа тең шығар деп,
Адай мұң, айға талас, Сен шығар деп.
Тұсыңнан тұлпар өтсе күміс тұяқ,
Күрсініп: “Қош!” дерсіңіз, Мен шығар деп.

Өлеңге өлең сүйеу, тағандасып,
Ақынға ақын сүйеу, заман ғашық!
Əуелде сенен келдік, Сыршыл Алла,
Барамыз қайта сосын саған қашып!
Əнеки,
Сөнді, білді, өтті, зытты…
Күн мен түн кезектесіп, сан арбасып.
Жұлдызды,
Жұлдыз сүйреп, кетіп жатыр,
Жалғасып жел ұшынан амалдасып.

Біз де бір аққан жұлдызь сорғалаған,
Жұлдыздан із қалмаса ол да жаман.
Түсі-тірлік
Кеш тірлікке кепіл емес,
Таңда жоқ күні кеше болған адам.
Шыбын жан
Арыстанның ауызында,
Шырылдап балапан ғой, қорғалаған.

Жазайық жаз қанатын қалам қылып,
Тұрғанда күн күлімдеп, заман жылып.
Қаныңның тамшысынан жаратылған,
Қалсын сол жан сырыңды балаң біліп.
Тілдерін тігіп тастап
Компартия
Тірілей өлді шалдар амал құрып.

Жалғасы бар…

Сабыр Адай

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған