Тегіңізді 15 күнде қазақшаландыра аласыз

Қазақстанда тегіне жалғанған «-ов», «-ев», «-ова», «-ева» секілді жалғаулардан арылғысы келетіндер аз емес.

Тегін қазақшаландырғысы келген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына арызданып, 15 жұмыс күні ішінде құжатына өзгеріс енгізе алады.

Қажетті құжаттар:

  • Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
  • Мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қалаулы тегі, әкесінің аты көрсетіліп, ауыстырылуға тиісті құжаттар жайлы мәліметтер баяндалған жазбаша өтініш;
  • Ауыстырылуға тиісті жеке бас куәлігі;
  • Төлқұжат;
  • Туу туралы (куәлік жеке басты куәландыратын құжат) пен 3,5х4,5 мөлшерлі 3 фотосурет;
  • Жеке бас куәлігі үшін 0,2 АЕК, төлқұжат үшін 4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені жайындағы түбіртегіңізді бірге алып баруыңыз керек.
  • Дереккөз: kazakhstanzaman.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған