Телевизия майталмандары тікелей эфирде!

Осыдан екі-үш ай бұрын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Апта.kz» қорытынды хабарын тәжірибелі тележурналист Зейін Әліпбектің жүргізгенін көріп қуанған едік. Ал, жуырда ғана үлкен корпорацияның басшылығына келген Ерлан Қарин де білгені мен көргені көп, түйгені зор Зейін Әліпбектің замандастарын экран алдына әкелуді жөн санапты. Нақтырақ айтқанда, бүгіннен бастап ұлттық арнаның тікелей эфирде күн сайын шығатын кешкі қорытынды жаңалықтары «Басты ақпарат» атауымен жұртшылыққа жол тартса, студиядан Данияр Меңілбек пен Қымбат Досжан ұзақ жылдардан кейін қалың көрерменмен қайта көріспек.

Біздің білетініміз, «ҚазТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Бұл – әзірге өзгерістердің басы ғана, алда талай тың жобаларымызбен көрермендерімізді қуантсақ деп отырмыз. Қолда бар бағдарламаларды дамытып, мазмұнын арттыру да жоспарда бар» деген болатын. Ендеше, ел сенген Ерлан Қариннің бастамаларына тек қана сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған