Теріскей спортшылары жарап тұр

СҚО әкімі солтүстікқазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстардағы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов «Astana Pro Team» кәсіпқой велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа қазақстандық велошабандоздарының Бахрейнде өткен Азия чемпионатындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Өңір басшысы Александр Винокуров пен солтүстікқазақстандық велошабандоздарды Азия чемпионатында Қазақстанның құрама командасының құрамында керемет өнер көрсеткенімен құттықтап, мықты денсаулық пен жаңа жеңістерді тіледі.

Жеңімпаздардың арасында біздің жерлестеріміз – Алесей Луценко, Бахтияр Қожатаев пен Жандос Бижігітов болғаны қуантады. Сондай-ақ, Ерік Сұлтанов тағы бір жерлесіміз – конькимен жүгіруші Роман Кречті спринтерлік көпсайыстан Әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жақсы өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді. Канадалық Калгари қаласында өткен Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы екінші орынға ие болып, алдында өзі орнатқан рекордты жаңартты.

«Қазақстандық жанкүйерлерге ұмытылмас сезiмдер сыйлап, өсiп келе жатқан жасөспiрiмдер үшiн үлгi болып, кезектi рет бiздiң елiмiздiң атын шығардыңыз. Сiзге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа спорт белестерiн бағындыруда сәттiлiк тiлеймiн!», -делiнген жеделхатта.

Сурет ©Astana Pro Team

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған