Теңге күнінде өткен дөңгелек үстел

Кеше теңге күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлттық теңге – мемлекет келбеті» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел қазақ халқының төл теңгесінің айналымға енуі менЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімі жайында болды деп хабарлайды Ұлттық музейдің жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, ҚР Дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер Сайлау Батыршаұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессорлары Мырзагелді Кемел, Мақыш Серік Биханұлы, Дәуренбек Мажитов және қаржы мамандары, студенттер, магистранттарқатысты.

Дөңгелек үстелде теңгенің қалай және қашан пайда болғаны,Ұлттық валютаны енгізу туралы шыққан жарлық, теңгенің қолданыстағы маңызы сынды мәселелер талқыланды. Осы тұрғыда ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай қонақтарды ұлттық вальюта күнімен құттықтап, «Теңге» жайында көптеген қызықты деректер келтірді. «Өздеріңізге белгілі, бүгінгі ұлттық вальютамыздың күніне орай мерейтойлық монеталар мен Елбасымыздың суреті басылған 10000 теңгелік купюра шығып, жер-жерде, ел-елде осы мерекеге байланысты көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Мұның өзі біздің тәуелсіз, дербес ел екеніміздің үлкен айғағы», – деді Д.Мыңбай.

d4s_9027

Ал, мемлекет және қоғам қайраткері, э.ғ.д. Өмірбек Байгелді: «Әр мемлекеттің өзіне ғана тән рәміздері болады. Туы, елтаңбасы, әнұраны мен астанасы. Және осылардың ішіндегі тағы бірі ол – ұлттық вальютасы. Біздің «Теңгеміз» Қазақстан Республикасының реміздерінің бірі. Мемлекеттің және әр азаматтың қалтасында жүретін жеке куәлігі десек артық айтқанымыз емес», – деп сөзін қорытындылады. 

Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – дербестігімізді айғақтайтын ұлттық вальютамыздың қандай қиыншылықпен, еңбекпен келгеннін жастар санасына сіңіру мен тәуелсіз елдің әрбір азаматының қалтасында жүрген төлқұжаты теңгеміздің қасиетін ұғындыру болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған