Тиісті жалақыларын барлық мұғалім алады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы біліктілігі мен еңбек өтіліне байланысты 30-50 пайызға көбейеді деп белгіленген болатын.

Алайда, Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі педагогтер ол үстеме ақы бүгінгі күнге дейін төленбей отырғанын айтып, шағымданған болатын.

Осыған орай, үкімет отырысынан кейін түсініктеме берген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: «Бізде бюджетті нақтылау біршама кеш жүргізіледі. Біз барлық облыстардан жалақыны төлеуді сұрадық. Сондықтан, қазір бір немесе екі облыс қана төлемей отыр. Біз қазір дәл қай облыстар екенін нақтылап, бұл мәселені шешулерін сұрайтын боламыз. Барлық мұғалім жалақыларын алады, мұнда мәселе бюджеттің нақтылануы Мәжіліс арқылы өтетіндіктен, кешігуіне байланысты болып отыр. Ал өткен төрт ай үшін айырмашылықтардың барлығы міндетті түрде төленетін болады»,— деп сендірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған