Түркиядағы төңкеріске 1 жыл. Ердоған антидемократиясы

2016 жылдың 15-16 шілдесінде Түркияның Ыстамбұл мен Анкара қалаларында әскери «төңкеріс» болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның билігіне наразы топ бірнеше мемлекеттік нысанды басып алды. Ал Мармаристе демалып жатқан Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған «Face Tіme» желісі арқылы бейне байланысқа шығып, елдің заңды үкіметін және демокра­тияны қорғау үшін көшеге шығуға үндеу таста­ды. Ал, премьер-министр Бенали Йылдырым жергілікті телеарналардың бірі арқылы сөз сөй­леп, әскерилердің мұнысы қылмысқа пара-пар  төңкеріс әрекеті екенін мәлімдеді. Ел көлемінде комменданттық сағат жарияланды.

Міне, содан бері бір жыл өтті. Түркияда не өзгерді? Дау басталды? Президент Ердоған мен дін уағыздаушы Гүленнің айқасы елдегі демократияны өлтірді. Түркиядағы «төңкерісті» кім ұйымдастырды? Біз шолу жасап көрдік.

 

Фетхуллах Гүлен мен Ердоған айқасы

Президент Режеп Тайып Ердоған билігі 2016 жылдың 15-шілдесінде болған төңкерісті «гүленшілер» ұйымдастырды деп мәлімдеді. Дегенмен бұл нақты дәлелденбеген акциома. Гүлен жақтастарының төңкеріске қатысы бар-жоғына батыстық БАҚ обьективті түрде баға берсе, «NTV», «CNN Түрік», «Doğan Haber», «AA» сияқты Түркияның жетекші ақпарат агенттіктерінің, құдды бір келісіп алғандай, төңкеріс әрекеті басталмай жатып, «Төңкерісті Түрік Қарулы Күштері арасындағы Гүленші Террорлық Ұйымдар (FETО) ұйымдастырған» деген хабарды эфирден таратты.

Бұл туралы Түркияда жарық көретін «Yeni Hayat» басылымының бас редакторы Вейсель Айханның мақаласын қотарып берген ек.

АҚШ, Еуропа елдері «15 шілдеде болған төңкерісті гүленшілер жасады» дегенге бүгінгі күнге дейін Түркия нақты бір дерек келтіре алмағанын айтады. Күні кеше ғана Германия Сыртқы істері министрі осындай мәлімдеме жасады.

Бір қызығы Президент Ердоған АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленмен жақын қарым-қатынаста болған.

Ердоған төңкеріс туралы алдын-ала білген бе?

Президент Режеп Тайып Ердоғанның бұл жолғы әскери төңкерісті әдейі ұйымдастыруы мүмкін деген болжамдар айтылады. Бұрыннан бері тіс қайрасып келе жатқан Гүлен мен Ердоған тартысы – псевдотөңкеріске әкеліп соқтырғаны ма? Немесе «Әскери төңкеріс» гүленшілермен оңай күресу үшін жасалуы мүмкін бе?

Олай дейтініміз, 14 шілде күні ТР ҰҚК басшысы Хакан Фидан мен Қорғаныс күші басшысы Хулиси Акар  Арнайы жасақ сарбаздарының ғимаратында  6 сағат сөйлескен (кешкі 18: 30 – 00:30-ға дейін). 15 шілде күніне де төңкеріс болды.

Сондай-ақ, Ресей Президенті Путиннің бас кеңесшілерінің бірі Александр ДугинТөңкеріс әрекеті болатындығы жайлы құпия мәліметті Түркия Президенті мен Премьер-министріне 14 шілдеде жеткізгендігі туралы ақпар тарады.

Бұл да біршама зерттеуді қажет ететін фактілердің бірі. Егер анау айтқандай Ердоған төңкеріс туралы алдын ала біле тұра, еш әрекет жасамаған болса – бұл ашық провокация болмай ма?

20 шілде – Ердоған авторитаризмінің репрессиясы басталды

15 шілдеде болған төңкеріс болды. Бұл Түркияда «Қадағалауда болған төңкеріс» еді. Анығында «төңкеріс» 15 шілде емсе, 20 шілдеде басталған. Батыстық БАҚ солай деп жазады. Себебі Түркияның прокуротура, сот, полиция, әскери, білім, медицина салаларынан жүздеген мың адам жұмыстан шығарылды. Айналдырған бес күннің ішінде осыншама адамның «төңкеріске» қатысы бар екені қалай анықталды? Бұл да бір парадокс. Билікті төңкеріп тастай алмаған төңкерістен кейінгі тазалау процессі кезінде Түркия барлау қызметінің 87 қызметкері жұмыстан шығарылды. Оның 52-сіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тағы 141 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды.

Түркияның ықпалды билік институтында бірінші мәрте “тазалау” жүргізілді. Сәтсіз аяқталған бүліктен соң Анкараның шешімімен 100 мыңнан астам полиция, әскер және мемлекет қызметкері жұмыстан шығарылды.

Күні бүгінде Түркия түрмелерінде 17 мың әйел, 568 баланын отырған көрінеді. Бұл нақты дерек. 17 мың әйелдің төңкеріске қандай қатысы бар?

Білім және ғылым Министрлігінде 15 мың 200 адам жұмыстарын тоқтатуға бұйрық алды. Ал жекеменшік ұйымдарда 21 мың мұғалім қызметтік лицензияларынан айрылды. Негіз ретінде «15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін басталған зерттеулер» көрсетілді. 48 сағатта 50 мың адам қалай зерттеліп үлгерілген?

Сондай-ақ, Ішкі Істер Министрлігі, орталық және провинциялық ұйымдарында барлығы 8 мың 777 адам қызметтерінен аластатылды.

Төңкеріс әрекеті төмендегі «тазартулардың» сылтауы болғаны ма?

Олай дейтініміз, төңкеріс әрекетінің ертесі заңды аяқ асты етіп, Конституциялық Сот мүшесі Алпарслан Алтан мен Эрдал Тержан қамауға алынды. Жоғары соттың (Яргытай) 140 және Мемлекеттік кеңес (Даныштай) 48 мүшесі жөнінде де тергеу басталды. 2 мың 745 судья, әкімшілік сот пен прокурорға қатысты да қамауға алу шешімі шығарылды.

Цензура әм «Zaman» гәзетінің жаназасы

Режеп Тайып Ердоғанның басқаруындағы Анадолы жұртындағы төңкерісті – саналы түрде контрмодернизация деп топшыладық. Дегенмен, баспасөзге жасалған рейдерлікті – «Ақ» партия мен Ердоған саясаты ақтай алмайды.

АҚШ және Еуроодақ өкілдері елдегі ең ірі «Zaman» газетінің Стамбулдағы редакциясына рейд жасағаннан кейін, Түркиядағы сөз бостандығы күрт нашарлап кетуі мүмкін дейді. Және солай болды да.

Полиция қызметкерлері басылым кеңсесіне басып кірген. Газетті қорғап, қарсылық танытқандарға көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. Оқиғадан бір сағат бұрын сот газетке сырттан бақылаушы тағайындауға шешім шығарған. Алайда әлі ресми шешім күшіне енбей жатып, полиция қызметкерлері редакцияны қоршап, қарсылық танытушыларды жібермеуге әрекеттенген.

«Zaman» газетін АҚШ-та қуғында жүрген Фетхуллах Гүленмен тығыз байланыстырады. Түркия президенті Реджеп Эрдоган оны үкіметке қарсы әрекет жасап, өзін жақтайтын БАҚ, полиция, құқық қорғау органдарының желісін құрған деп айыптайды.

Редакцияда түнгі шабуыл аяқталғанға дейін, «Zaman» басылымының ағылшын тілінде шығатын нұсқасы «Түркияның еркін баспасөзі үшін ұятты күн» деген тақырыппен газет шығарды.

Ақырында күндік тиржары 1 миллионға жететін «Zaman» гәзетін билік тартып алды. Қазір аты дардай гәзеттің күнджік тиражы – 3-4 мыңның айналасында.

Түркия президенттік басқаруға өтті

«Әскери төңкеріс» Түркия президентінің әлеуетін күшейту үшін жасалды деп айтатын саясаткерлер бар. Себебі төтенше жағдайлар кезінде Түркияда референдум өтті. Нәтижесінде Түркия президенттік басқаруға өтті. 2017 жылы Түркияда конституцияға өзгерту енгізу бойынша референдум өтті. Сөйтті де, Анадолы жұрты парламенттік басқарудан президенттік басқаруға өтті.

Түрік билігі бұл жолмен өлкенің басқару системасы нығаяды және жеңіл болады деп сендіреді. Президент Ердоғанға қосымша ұқықтар берілді. Президент үкіметтің де мемлекеттің де басшысы болды.

Жаңа Ата заң Ердоғанның 2029 жылға дейін билікте қалуына жол береді. Заңда президенттік қызметтің мерзімі бес жыл болып, екі мерзімнен сайлануға жол береді. Егер Ердоған 2019 жылғы сайлаудан өтсе, тағы он жыл билікті ұстап тұруға мүмкіндігі бар. Референдумның өтуіне өткен жылғы іске аспай қалған әскери төңкеріс себеп болып отыр. Батыс елдері әскери төңкерісшілерді жаппай қамауға алуын және қуғындауына қатты алаңдаушылық білдіріп келген еді. Енді Ердоғанды авторитарлық билік құруға ұмытылып жатыр деп айыптады.

Не десек те, Түркияда ашық авторитарлық билік орнауы мен демократиялық принциптерге негізделген  конституциялық және қоғамдық институт жойылып, еуропалық векторлдың күл талқаны шықты. Неоосмандық бағытты ұстанған Ердоғанның жалғыз жауы – Фетхуллах Гүлен екені даусыз. Ал популист Ердоғанның Гүленмен айқасы және өзінің билігін ғана ойлауы – елде және бір төңкерістің орнауына себеп болмай ма? Себебі, Түркиядағы Епрдоған билігіне наразы топ кеүн санап артып келе жатқаны да шындық.

Нұргелді Әбдіғаниұлы – ҚР Ақпарат саласының үздігі.
Саяси шолушы.
Abai.kz

12 thoughts on “Түркиядағы төңкеріске 1 жыл. Ердоған антидемократиясы

  • 10.07.2017 at 22:38
    Permalink

    “Жаңа Ата заң Ердоғанның 2029 жылға дейін билікте қалуына жол береді. Заңда президенттік қызметтің мерзімі бес жыл болып, екі мерзімнен сайлануға жол береді. Егер Ердоған 2019 жылғы сайлаудан өтсе, тағы он жыл билікті ұстап тұруға мүмкіндік бар” .
    елАна кз. Сайты.

    “Күні бүгінде Түркия түрмелерінде 17 мың әйел, 568 бала отырған көрінеді. Бұл нақты дерек. 17 мың әйелдің ;төңкеріске қандай қатысы бар?” (Нұргелді Әбдіғаниұлы Саяси шолушы.Abai.kz)
    Бұдан өткен сорақылықтың шегі бар ма екен ?! Сол аналар, балалардың мемлекеттің саяси өмірінде алатын орны осыншалықты қауіп тудырып тұрғаны ма ? Осыншама айыптаулардың негізсіз екені ақиқат болса Түркия елінің басшысы Алланың қахарынан қорықпағаны ма ? Бас-аяғы бір жылдың ішінде ел ішінде орын алған осындай мазасыздыққа жол беріп отырған Ердоған үкіметі 2019 жылға дейін билікте болғанын елестетудің өзі көңілге үлкен қорқыныш ұялатады… Алла сақтасын !
    Мақаланы оқып шыққан қарапайым кісінің жанын құлазытып жіберетін орын алып отырған нәубеттің беті аулақ болсын! Алланың бізге берген бейбіт күніне сансыз шүкірлер болсын ағайын !

    Reply
  • 10.07.2017 at 23:16
    Permalink

    Сонааау 1934 – 1954 жж . Сталиндік дәуірдің ел ішіне салған ылаңынан да асып түскен мына сұмдықты жаным түршігіп оқып шықтым ! Мақала авторының азаматтығына риза болдым ! Осыған ұқсас деректерді (шет елдік ақпараттардан аударылған ) орыс тілінде жазылған біраз ақпараттарды оқыған едік. Қандас, бауырлас ағайындарымызға обал болған екен ! Алла есіркесін !
    Осынша жыл өтсе де кешегі “Алжир” саяси қуғын -сүргіндер лагеріндегі адаматтың жүрегіне салған дақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жыл сайын ел өміріндегі ең “нәубетті” жылдар ретінде жиіркенішпен еске алып жүрміз. Дамуы жағынан алдыңғы қатарлы ел болып, заман ағысынан оза шапқан Түркияның осындай деңгейге түсуіне не себеп ? Бүгінгі таңда ешкімді бей-жай қалдырмайтын осы сұрақтың жауабына сіздер, оқырмандар қарап қалмай ой қоса отырсаңыздар…Түркия елінің бейбіт таңы атар күн жақын болсын !!!

    Reply
  • 11.07.2017 at 09:43
    Permalink

    Ердоған шектен шығып барады ағайын. Оған да бір тоқтам болатын кез келген секілді. Қазақ тіліндегі ақпараттар шерушілерді өте аз көрсетуде. 100000 мың деп. Ресей жаңалықтары стамбул көшесіне 2 миллионнан астам адам шықты деп нақты жазып жатыр. Бұл дегеніңіз – халықтың ашынуы! Жазықсыз жандарға араша түсу үшін бұл деген үлкен күш! Шерушілердің талап-тілектері ЕРдоғанға жөнелтілді. Оған ойлануға мұрсат берілді. Егер ол – әділ бір шешім шығармаса арты қиын болғалы тұр. “Көп асқанға бір тосқан”.

    Reply
  • 11.07.2017 at 09:51
    Permalink

    Қуатбек, жақсы ой айтыпсың. ЕРдоғанның бұл жолғы бассыздығы кеңестік кезеңдегі сталиндік зобалаңнан асып кеткелі тұр. Мақалада Түркиядағы төңкеріс әдейі ұйымдастырылғаны туралы жақсы ой айтылыпты. Дәлелдері де мықты. Әсіресе гүленшілерді бір-екі күнде тауып ала қоюулары көңілге күдік ұялатады. Бізге жетіп жатқан ақпараттың көбі әлсіз. Егер нақты ақпараттар жетсе біз шалқамыздан құлар едік. Сол әлсіз ақпараттың өзі әлемді елеңдетіп жатыр. Елді бұлай қорқытып-үркітіп ұстаймын деген Ердоғанның ойы – өзіне сор болып жабыспаса қайтсін. Өйткені ел теңселіп, жалғандыққа араша сұрап, көшеге шығуға дайын тұр.

    Reply
  • 11.07.2017 at 09:58
    Permalink

    Менде бір ой бар. Теледидардан Ердоғанды көрген сайын, көзінен қорқыныш, жүзінен абыржу байқаймын. Неге? Ол неден қорқады? Кімнен қорқады. ГҮленнен қорқады дейін десең, ол кісі Алланың ақ жолындағы иманды жан. Ондай тақуа жаннан елді дүрліктіру, халықты билікке айдап салу келеді дегенге мен сенбеймін. Онда ол кімнен қорқады? Алладан дейін десең, әлі күшіне мініп жатыр. Бұл не деген есерсоқ. Халифат құрғысы келген адам мұндай қадамға бармас еді ғой. Онда не ойлағаны бар? Осы жайлы білетін біреу бар ма? Айтыңыздаршы?

    Reply
  • 11.07.2017 at 10:07
    Permalink

    Март бауырым, Менің ойымша Ердоған психикалық ауруға шалдыққан адам. Жүйкесі тозған. ӘЙтпесе өзінің еліне , туған жеріне осындай іс жасар ма еді? Мен тіпті оның мұсылман екеніне күмәнім бар. Ол туралы еврей тектес деген, арғы қанында солардың қаны бар деген сөз шындыққа жанасатын тәрізді. Оның бүгінгі бар болмысы, іс-әрекеті соған дәлел секілді….

    Reply
  • 11.07.2017 at 11:29
    Permalink

    Бұл заман не болып барады. КЕшегі османның ұрпағы да шынымен аза бастағаны ма? Тәубе дейік. Азат елде, тыныштық ауасымен тыныстап жатқанымызға. Алла тағала патшамызға ұзақ ғұмыр берсін! Бұлай жалғаса бермес, Ердағанда сабысына түсер. Түспесе өзіне қиын. Халықтың ашу-ызасын туғызады. Сөйтіп қарғыс арқалап өледі,,,

    Reply
  • 11.07.2017 at 11:36
    Permalink

    Ердоған аман тұрса бұдан да сорақысын көресің

    Reply
  • 11.07.2017 at 14:23
    Permalink

    Соңғы уақыттарда əлемде болып жатқан адамның адамға жасаған қиянаттары туралы ақпараттарды оқып отырып жаның түршігеді ! Түбіміз бір Түркия халқының басына түсіп жатқан зұлмат күндер бізлің де жанымызға батады ! БАЛАЛАР МЕН ƏЙЕЛДЕРДІ ҚАМАУҒА АЛДЫ ДЕГЕНІ АҚЫЛҒА СИМАЙДЫ ! Ұлы Отан соғысындағы Гитлердің “қорқытып -үркіту ” саясаты , басқа да адамзатқа жаппай қиянат жасауға жол берген ел билеушілердің тіргілігі немен аяқталғанынан Ердоған билігі САБАҚ АЛМАҒАНЫ МА ?!

    Reply
  • 11.07.2017 at 16:57
    Permalink

    Мына мақаланың оқып коментарияларды оқып, Аллаға сансыз Шүкірлік етем, елбасыма сансыз алғыс аман болсын..! Не деген сұмдық төбе шашын тік тұрады өз елін өзі тұтқындап берекесімен алып обал болды ау ағайындарға..! Түбіміз бір деп, егемендігімізді бірінші болып құттықтап, мектеп ашып қаншама сауапты іс жасап бауырымыз болып кетті осы істері мен иман парасатымен дәлелдеді. Бауыр етіміз балаларымызға білім берді, əлемгеде танытқанын жоқ дей алмаймыз. Сол ұстаз бауырларымыз да қиыншылықтар көруде еліне бара алмайды, Түрік билігінен елшілігіненде біраз тауқымет тартуда… Араласып бауыр, туыс болып кеттік. Эрдоған мырза бастаған биліктің , біздегі істерін қиянаттарын естіп біліп көріп отырмыз Олардың сабырлығына имандылғына,ел жұртына сүйіспеншілігіне, қажырлығына еліне адалдығына тəнтіміз. Бұрынғы қазіргі ата аналары бір ауыз артық сөзі жоқ шыдамдылықтары адам таңқаларлық.. Алладан екі елдің амандығын тілейді, қазақ еліне риза .! Авторға біздің ризашыдығымыз шексіз, Алла разы болсын..! Соқырға таяқ ұстатқандай жазған..! Əлемде соғыс болмасын түбі бір ағайынға Алладан дұға тілелік..! Патшасы Аллаға жақын болсын,халқына Аллам сабырлық берсін, бұныңда хайыры болатын күн туары сөзсіз. Аллам бейбіт өмір берсін екі елгеде.!

    Reply
  • 11.07.2017 at 21:06
    Permalink

    Біз бұрын Ердоғанды жақсы көрдік. Ертұғрылдың, Османның, Ататүріктің, Тұрғыттың жолын жалғастырушысы, Көк Түріктің нағыз оғланы ретінде бағаладық, мақтаныш тұттық. Қазір оның абыройы, беделі неге түсіп кетті? Сонда оның азаматтық, адамдық шынайы келбеті қайсысы деп ұғамыз? Әлде оны жын-шайтан арбады ма? Ол бұрын Гулен сияқты данышпандармен бірге еді. Олармен бірге болғаны халықпен бірге болғаны еді. Әттең, осы жолдан айнымағанда, пендешілік жолға түспегенде ол Әлем адамы болып биікте тұрар еді. Халықтан қол үзу, оның сенімінен айрылу Ердоғанның болашақ қасіреті. Түркия ұлы мемлекет. Біздің уайымдайтынымыз сол ұлы халықты қасіретке ұшыратып, құрдымға әкетпесе болғаны. Ердоған бей есіңізді жиыңыз! Гуленмен татуласыңыз. Ол сіздің ақылшыңыз еді ғой.

    Reply
  • 12.07.2017 at 17:09
    Permalink

    Ердоған өз xалқына өзі қарсы шықты деп ойлаймын. Түркияның ішкі мәселесі болсада бұл әрекетке қарап отырып, дара билеушінің арамдығын аңғару қиын емес секілді…. Анадолы түріктерінің басына келген қиындыққа Арқа да жатқан Алаш баласының да қабырғасы қайысады. Деседе бұл қиындық ешқашан сыртқы күштердің ықпалынан емес керісінше өз патшалары тарапынан жасалып отырғандығы өкінішті…

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған