«ТҮРКСОЙ»-дың жастары Таразды музыкаға бөледі  

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «ТҮРКСОЙ» жастар камералық оркестрінің концерті өтті.

Аталған оқу орны мен Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірігіп ұйымдастырған концертті шаһардың өнерсүйер көрермендері, университет студенттері мен оқытушылары тамашалады.

Құрамында бүгінге дейін 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстанның Халық артисі Ренат Салаватов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Анвар Акбаров, Әзірбайжанның танымал жас таланты Мұстафа Мехмандаров дирижерлік етті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған