ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600 ТОННАДАН АСТАМ ЖАҢҒАҚ ӨНІМІ ЖИНАЛҒАН  

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тамылжыған табиғаты алма мен қатар грек жаңғағын өсіруге өте қолайлы аймақ. Грек жаңғағы өсетін тал өте ұзақ жасайды. Грек жаңғағынның пайдасы көп. Әсіресе, физикалық тұрғыдан әлсіреген уақытта, қан азайғанда, жүйке жүйесінің ауруларына, жүрек ауруы мен асқазан сырқатына да пайдалы.

Бұрын Түлкібас ауданында грек жаңғағы үй іргелік жер телімдерінде отырғызылып, өнім алынып келген. 2018 жылы ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілері 257 гектарға жаңғақ отырғызған. Аудандық статистика басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, 2018 жылы аудан көлемінде 627 тонна жаңғақ өнімі жиналған.

2019 жылы аудан аумағында қосымша 135 гектар жаңғақ отырғызу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта өзінің тәті алмасымен танылған Түлкібас өңірі тек алма бау шаруашылығын қолға алуды  ғана емес, сонымен қатар жаңғақ шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар іске асырылатын болады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған