Түрлі бәле-жалалардан сақтандырушы екі сүре

Фәләқ сүресі

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ﴿١﴾ مِن شَرِّ مَا خَلَقَ ﴿٢﴾ وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ ﴿٣﴾ وَمِن شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ﴿٤﴾ وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ ﴿٥﴾

Оқылуы: Бисмилләһир Рахманир Рахиим

(1)   қул әъууз̃у бираббил фәләқ(2) мин шәрри мә халәқ(3) уәмин шәрри ғасиқин из̃ә уәқаб(4) уәмин шәррин нәффәс̃әти фиил ъуқад(5) уәмин шәрри хәсидин из̃ә хәсәд

Мағынасы: Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(1)   (Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,»(2) «Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»(3) «Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,»(4) «Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»(5) «Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.

lk

 «Нәс» сүресі

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ﴿١﴾ مَلِكِ النَّاسِ ﴿٢﴾ إِلَـٰهِ النَّاسِ ﴿٣﴾ مِن شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ ﴿٤﴾ الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ ﴿٥﴾ مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ ﴿٦﴾

Оқылуы: Бисмилләһир Рахманир Рахиим

(1) қул әъууз̃у бираббин нәс(2) мәликин нәс(3) иләһин нәс(4) мин шәррил уәсуәсил ханнәс(5) әлләз̃ии йууәсуису фии судуурин нәс(6) минәл жиннәти уәннәс

Мағынасы: Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(1)            (Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,»(2) «Адамдардың иесіне,»(3) «Адамдардың Тәңіріне,»(4) «Сыбырлап азғырушының кесірінен,»(5) «Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»(6) «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.

Фалақ және Нас сүрелері «Әл-Муъаууизәтәни» – сақтандырушы екі сүре деп аталады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы екі сүрені оқып, түрлі бәле-жалалардан сақтанып жүретін болған.

Бұл туралы Айша анамыз (р.а) былай дейді:  « Пайғамбар (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын)  әрбір түні төсекке жатарда екі алақанын қосып, оларға үрлеп,«Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып , басы мен жүзінен бастап денесінің алдындағы бөлігінің қолы жеткен жерін сипайтын. Солай үш рет жасайтын» (Бұхари риуаят еткен)

Фалақ пен Нас сүрелерінің артықшылықтыры туралы мынадай риуаяттар бар. Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ұқба ибн Амрге (р.а):«Бүгін түні түскен аяттарға қарамайсың ба? Бұрын-соңды мұндай аяттар түспеген: « Қуль әъузу бираббил-фалақ» және «Қуль әъузу бираббин-нас», – деген.

Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Хубейбке (р.а) «Ықылас» пен екі сақтану сүресін (Фалақ, Нас сүрелерін) кешке және таңертен үш рет оқуың барлық қажетіңе жеткілікті», – деген (Әбу Дәуіт, Термези және Нәсәи риуаят еткен).

Аятул-Курси

Аятул-Курси – Бақара сүресінің 255-аяты. Бұл ерекше көп оқылатын аяттың түрлі апаттардан сақтаушы, бәле-жаладан, қайғы-мұңнан арылтушы, ризықтың берекесіне жеткізуші және азғырынды шайтандардан аластаушы қасиеттері бар.

Риуаятта Аятул-Курсидің артықшылығын Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай баяндаған: «Бақара сүресінде Құран аяттарының төресі бар, оны қайсыбір үйде оқыса, ол жерден шайтан қашып шығады, ол – Аятул-Курси», деген (Хаким мен Байһақи риуаят еткен хадис).

Оқылуы:  Аузу билляхи минашшайтаани р-раджим

 (255) аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум лә тәхуз̃уһу синәтуу уәлә нәум ллаһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд мән з̃әл ләз̃ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз̃ниһ йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда уәлә йәуудуһу хифзуһумә уәһууәл ъалиййул ъазиим

Мағынасы: Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған