Түсінігіңізді өзгертіңіз, сонда сіздің өміріңіз де өзгереді

  1. Бәріне бірдей алғыс білдіріңіз. Жақсылыққа да, жамандыққа да, сұмдыққа да. Өйткені өмірдің өзі сізге баға жетпес сыйлық екенін естен шығармаңыз. Ал ләззат пен ауыртпашылық сол өмір жолындағы кедергілер.
  2. Түсінігіңізді өзгертіңіз, сонды сіздің өміріңіз де өзгереді. Қорқыныш, ашу, реніш секілді кездерде оқиғаға басқа бұрыштан қараңыз.
  3. Әр жеңісіңізді тойлаңыз. Тіпті кішкентай белесті бағындырсаңыз да елеусіз қалдырмаңыз.
  4. Алға қойған армандарыңыз бен мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін айналаңызға мұқият мән беріңіз. Өйткені өмір өте қызық нәрсе. Жүре берсеңіз, көре бересіз. Ең бастысы ерінбей еңбек ете білу керек.
  5. Әр адам біздің өмірімізге белгілі бір оймен келеді. Ал ол келген оймен біз келісеміз бе, келіспейміз бе өзіміз білеміз. Оның біздің өміріміздегі рөліне байланысты шешім қабылдаймыз.
  6. Өз-өзіңізге сеніңіз. Қандай ауыр күндер келсе де, жеңіп шығатыныңызға сенімді болыңыз. Бәрі де ойдағыдай болады.
  7. Барлығын бірден жүрекке жақын қабылдамаңыз. Бәз біреулердің іс-әрекеттері өздерінің өмірінен хабар береді. Сондықтан оның сізге ешқандай қатысы жоқ.
  8. Табиғат дертіңізге дауа болады. Таза ауада серуендеу немесе әдемі пейзаждардың көрінісі басыңыздағы артық ойлардың бәрінен арылуға көмектеседі және көңіл-күйіңізді көтереді.
  9. Біреуге ренжулі адам сізді де ренжітуі мүмкін. Бірақ бәрібір оны жақсы көріңіз.
  10. Сауығу үшін оны сезіну керек. Өзіңіздің қорқынышыңыз бен осал тұстарыңызды жасырмаңыз. Шындықтың көзіне тура қарау өте қиын. Бірақ оның сізге пайдасы мол.
  11. Әрдайым дұрыс жолмен жүре берсеңіз де жалығып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан жіберген қателіктеріңізді еске түсіріп, еңсеңізді түсірмеңіз. Басыңыз аман болса, бәрі де жақсы болады.
  12. Айналаңыздың бәрін айна деп елестетіңіз. Сіз біреуді жақсы көресіз, демек, өзіңізді де жақсы көресіз. Егер біреу сізді ренжітсе, онда сіз өз-өзіңізге дұрыстап қарауыңыз керек.
  13. Өзгенің көңіліне қарап, бақытты қылу оңай нәрсе емес. Бұл өмірде тәуекелге баруыңыз керек. Іштей!

Аударған Шынар Әбілда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған