Тәркiленген өнiмдер қайта дүкенге түспеуi тиiс

Үкiмет отырысында тексеру кезiнде тәркiленген өнiмдер дүкен сөрелерiне қайта түсу мүмкiн екенін жоққа шығармаған ҚР премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев: «Айналымнан қауiптi өнiмдердi тәркiлеу саласында бiз дұрыс жұмыс атқарып жатқан жоқ сияқтымыз. Бұл жайлы қанша рет айтуға болады? Екi жыл бұрын осы мәселенi көтергенбiз.

Акция өткiздiк, сонымен тоқтадық. Әрi қарай ештеңе бiлмеймiз. Мiне, өнiмдердi тәркiледiк, одан кейiн бұл өнiмдермен не болады? Жойыла ма? Немесе, артқы аула арқылы дүкен сөрелерiне қайта қойыла ма? Ешкiм қандай айыппұл, қандай шара қолданылып жатқанын бiлмейдi ғой. Барлығы сөз жүзiнде қалады. Мемлекеттiк бақылау нақты дәлелдесе, онда өнiмдердiң дүкен сөрелерiне қайта түспеуiне шара қабылдау керек»,— дедi.

Ермек Сахариев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған