Тәспі аударудың пайдалары

Бүгінде намазға жығылып, тәспі аударып, Алладан тілек тілеп отырған қарияларды, тіпті жастарды да жиі көруге болады. Ал осы тәспіні қалай аудару керектігін, оның қандай пайдасы барын көбіміз біле бермейміз. Ендеше, тәспінің қасиеті мен пайдасы жөнінде төменде жазылған кеңестер арқылы біле жүріңіздер.

1. Жолыңыз ашылмай, жоспарларыңыз кері айналып, қатты ашуға булыққанда “Субхан Аллаһ” деп тәспі аударыңыз. Тәспіні ұстаған адамның мінезі жайдарлы, сабырлы болады.

2. Тәспі адамның қолында тұрғандықтан оны аударғанда алдымен саусақтар қимылдайды. Ал саусағы жиі қимылдайтын адамның миы тынығып, ойы жақсарады.

3. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамға тәспі аударғанның пайдасы зор. Саусақтың жиі қимылдауынан адам ағзасындағы қан айналымы жақсарып, жүрек қан тамырларының жұмысы ретке келтіріледі.

4. Басбармақ мидың жұмысын жақсартады. Сұқ саусақтың жиі қимылдауы іш ауруларын басады. Ортаңғы саусақ қимылы асқазан-ішек жолдарын жақсартады. Төртінші саусақтың жиі қимылда болғаны бауырға жақсы көмектеседі. Ал кішкентай саусақтың қимылы жүрекке жақсы әсер етеді.

5. Қатты сырқаттанып, мазасызданғанда тәспіні екі қолыңызға алып аударсаңыз, көңіл-күйіңіз жақсара түседі.

6. Қолы немесе саусағы шығып кеткен, сынған адамдар тәспіні жиі аударатын болса, зақымданған жері тез арада іске қосылады.

7. Үлкен кісілермен немесе басшылармен сөйлесерде қобалжитын болсаңыз, қолыңызға тәспі ұстап, оны аударып отырыңыз. Бұл сіздің ойыңызды тыныштандырып, орынды сөйлеуіңізге ықпал етеді.

8. Тәспі аударып отырған адам көз тиюден сақтанады. Өйткені бөтен адамдар оның бойындағы ерекшеліктеріне емес, қолындағы тәспісіне назар аударады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған