Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «25 жұлдызды күн»

«Мәңгілік ел — мәңгілік отбасы»

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл ісшаралардың негізгі мақсаты Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде жүріп өткен тарихи жолын, еліміздің қол жеткізген толағай табыстарын, көп ұлтты халқының жарастығы мен ынтымақтастығын көрсетіп, жастарды отансүйгіштікке, ұлттық салт-дәстүрді бағалай білуге, патриоттық тұрғыда тәлім-тәрбие беруге бағытталған. Өңірдегі «25 жұлдызды күннің» алғашқы беташар шарасы «Мәңгілік ел — мәңгілік отбасы» атты 25 жас отбасыларын құттықтау салтанатымен басталды. Талдықорған қаласының «Жастарға қызмет көрсету» орталығында өткізілген бұл шараға қаланың жастары мен жұртшылығы көптеп қатысты. Биылғы жылы шаңырақ көтерген облыстағы 25 жас отау иелерін Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады. Сондай-ақ, 66 жылдан бері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан 90 жастағы Нұрмұханбет Есжанұлы мен Дәріхан Байжібекқызының құттықтауы жастар үшін ерекше сый болды. Олар 6 бала, 12 немере, 14 шөбере сүйіп отыр. Жастарды құттықтаған Нұрмұханбет ата еліміздің ертеңі жас буынның қолында екенін, тынбай еңбектеніп, көп оқу керектігін, шаңырақ бірлігін көздің қарашығындай сақтау қажеттігін баса айтты. Шара соңында жас жұбайлар бейбітшілік пен сүйіспеншіліктің белгісіндей болған көгершіндерді көкке ұшырды. Қатысушыларға облыс әкімінің атынан гүл мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

«Жетісу керуені» өнер көрсетті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «25 жұлдызды күн» іс-шараларының жоспары аясында облыс аумағындағы 75 елді мекенінде «Жетісу керуені» атты облыстық Бикен Римова атындағы драма театрдың, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының және «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі «Құлансаз» фольклорлыэтнографиялық ансамблінің гастрольдік сапарларымен болған қайырымдылық акциясының қорытынды шарасы 2016 жылдың 23 қарашасы күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының орталық Мәдениет үйінде өткізілді. с-шара Бикен Римова атындағы драма театр ұжымының шағын қойылымымен басталып, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Мәдени шараға дәстүрлі әншілер Бейбіт Мұсаев, Эльмира Дәуренбекова, Арафат сқақов, Құралай Шаяхметовалар қатысты. «Ән шашу», «Сазген», «Адырна», «Қобыз сарыны» ФЭ ансамбльдері, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, эстрада жанрындағы әншілер де өз өнерлерін өнерсүйер қауымға тарту етеді.

Медициналық қызметтер акциясы

Денсаулық сақтау басқармасы облыстық 25 шалғай ауылдық елді мекенінде «Скрининг» медициналық қызметтер акциясын өткізді. Осы акция аясында 5 толық жарақтандырылған көшпелі медициналық кешендер тұрғылықты халық арасында дәрігерлік кеңестер беріп, аурулардың алдын алу жөнінде ақпараттық жұмыстар ұйымдастырды. Сонымен қатар тәжірибелі дәрігерлер 25 елді мекеннің тұрғындарын қабылдап, емдеу жұмыстарымен айналысты.

Бүгінгі заманауи құралжабдықтармен облыстың дәрігерлері шалғай жатқан ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті. Қолжетімділік жағдайда жасы келген адамдар арасында скрининг өткізді, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев. — Қазіргі кезде облыстың 2 миллионға жуық халқына қызмет көрсететін 826 денсаулық сақтау мекемесінде 4732 дәрігерлер мен 13564 орта медбикелер жұмыс істейді. Өткен мерзім ішінде облыстың ауруханаларында 199 мыңға жуық адам емделіп шықты. Скрининг өткізудің арқасында 54,1 пайыз адамнан ісік ауруларының бастапқы кезеңі анықталып, емделді. Биылғы жылы денсаулық сақтау саласына 81,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, медициналық қызмет көрсету жұмысының жақсаруына ықпал етті.

Жаңа қонақүй кешені

Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Талдықорған қаласында жаңа талапқа сай қонақүй кешені пайдалануға берілді. Қаланың оңтүстік-батыс ауданында орналасқан 16 қабатты «Көктем Гранд» көпсалалы қонақүй кешені жеке инвестордың қаржысына салынып, мұнда қонақүй және бизнес орталық қызметі қатар ұсынылмақ.

— Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ашылып отырған Талдықорған қаласындағы «Гранд Көктем» қонақүй кешені қаладағы ең заманауи, соңғы үлгідегі, жоғары класты кешен болғалы отыр. Астана қаласындағы «ЭКСО — 2017» халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты жоғары деңгейдегі қолайлы жағдай қарастырылған қонақүйлерге деген қажеттілік өсіп отыр. Шетелдік туристерге ұсынылған нысандар тізімінде Алматы облысының да көрнекті орындары енгізілген. Туризм өңірдегі ең маңызды салаға айналып келеді. Сондықтан облыс орталығы Талдықорған қаласын көркейте түсу — біздің басты мақсатымыз. «Көктем Гранд» қонақүй кешені жеке инвестицияға салынған, ортақ іске өз үлесін қосып, Талдықорғанның тартымды қала болуына атсалысады деп сенемін, — деді қонақүйдің ашылу салтанатында сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов.

Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін шашу шашылып, жиналғандар нысанды аралап көрді. Жалпы, бұл қонақүй кешені түрлі көлем мен кесіндегі үш блоктан тұрады. Қонақүйлік нөмірлер ғимараттың бес қабатында. Ал 3-тен 10-қабатқа дейін бизнес орталықтың кеңселері орналаспақшы. Сол сияқты қонақүй кешенінде мәжіліс залы, мейрамхана кешені мен салтанат залы, бассейні бар фитнес орталық, тренажерлық және қонақ залдары бар.

Шағын ГЭС іске қосылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысында жаңа шағын ГЭС ашылды. Сарқан ауданының Лепсі өзенінде қуаттылығы 17 Мт болатын шағын ГЭС-2 іске қосылды. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстандағы тау суларының гидроэнергетикалық қорының 65 -ы Алматы облысында екенін тілге тиек етіп, облыста су және жел энергетикасын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленгенін, соның аясында жаңа ГЭС ашылып отырғанын атап өтті.

— Осы ГЭС-ті іске қосудың нәтижесінде өңірдегі электр энергиясының дефициті сағатына 68 млн. ктқа азайды. Бұл — өте маңызды жетістік, дегенмен меже емес. Қазіргі кезде Қора өзенінде қуаттылығы 26дан 29 Мт-қа дейінгі тағы 3 ГЭС-тің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса тағы бірнеше нысанның құрылысы жоспарланған. Мұның барлығы өзіміз өндіретін электр энергиясының тапшылығын азайтып, облыстың электр қуаты үшін сыртқа тәуелді болмауына және жаңартылған энергия көздерін дамытуға ықпал етпек. Сонымен қатар компаниялар жоспарлап, салған ГЭСтар «ЭКСО — 2017» көрмесіндегі «Қазақстан» павильонынан көрнекті орын алатын болады, — деді А. Баталов құттықтау сөзінде.

Нысанның салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар жаңа ГЭС ғимаратының ішін аралап көріп, жаңа үлгідегі нысанның жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты. Атап өтсек, Сарқан ауданы Лепсі өзеніндегі шағын ГЭС-2 жылына орта есеппен 67,78 млн. ктсағ. электр энергиясын өндіреді. Құрылыстың сметалық құны — 4,2 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобаның авторы және бас мердігері — 500 к-қа дейінгі электр желілері мен подстанцияларды жобалау, салу, жаңғырту мен жөндеу саласында еліміздің нарығында алдыңғы қатарда саналатын «АСМК-519» ЖШС холдингі.

Бір күнде 2 балабақша ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында Алматы облысында бір күнде 2385 орынды 25 заманауи балабақша ашылды. Жаңа балабақшалар ле, Қаратал, Жамбыл, анфилов, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында іске қосылды. Қаратал ауданы Үштөбе қаласында ашылған 320 орынды «Балбөбек» балабақшасы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған. Бұл білім беру мекемесінің ашылу салтанатына облыс әкімі А. Баталов қатысып, жиналғандарды құттықтады. — Бүгін Тұңғыш резидент күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында біз облыс бойынша заманауи 25 балабақша ашып отырмыз. Бұл облыс тұрғындары үшін аса маңызды, әрі үлкен шара, — деді А. Баталов. Мұнан соң облыс басшысы мемлекет басшысының балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту туралы тапсырмасын орындау бағытында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, биылғы жылдың өзінде ғана облыста 97 балабақша пайдалануға берілген, оның 88-і жекеменшік. Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы мектепке дейінгі мекемелер ашу ісі жақсы жолға қойылғанын, бүгінгі күні балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 87 құрап отырғанын айтты. — Бүгінгі ашылып отырған балабақшалардың барлығы да жаңа талаптарға сай, мұнда балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұндағы мүмкіндіктер кішкентай балдырғандардың ақылды, алғыр болып өсуіне ықпал ететініне сенемін. Шын жүректен баршаңызды Тұңғыш резидент күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын! Зор денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін! — деді өз сөзінде өңір басшысы. Құттықтау сөз сөйлеген ардагер педагог Ұлболсын Досмолданова балаларға мемлекет тарапынан жасалып отырған барлық қолдауларға ризашылығын білдіре келе — Мектепке дейінгі тәрбие мен білім — жаңа білім мен табысқа жетудің алғашқы баспалдақтары. Облыста жаңа, заманауи балабақшалардың ашылып жатқанына қуаныштымын, — деді. Ашылу салтанатынан кейін А.Баталов тұрғындармен бірге балабақша ғимаратын аралап көрді.

Топтардың жұмысымен танысып, асхана, музыкалық залда болды. Балалардың әзірлеген концерттік нөмірлерін тамашалап, оларға ойыншықтар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Жалпы, осы күні 25 балабақшаның басым бөлігі Алматы қаласының маңында орналасқан халық тығыз қоныстанған аудандарда ашылды. Олар Талғар ауданында Талғар қаласы, Амангелді, Қызыл Ту, Рысқұлов, Талдыбұлақ, Тұздыбастау, Еркін ауылдары жалпы саны 800 орынды 9 балабақша, ле ауданында Өтеген батыр кенті, Жаңадәуір, Байсерке, Қоянқұс ауылдары 520 орынды 7 балабақша, Жамбыл ауданында Үмбетәлі, Ұзынағаш ауылдары 470 орынды 4 балабақша, сол сияқты Еңбекшіқазақ ауданында Жаңашар, Түрген ауылдары, Талдықорған қаласында 2 балабақша және анфилов енжім ауылы, Қаратал аудандарында Үштөбе қаласы бірбірден балабақша ашылды. Осы жаңа балабақшалардың ашылуы өңірдегі 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы Жамбыл ауданында — 94,2 , Талғар ауданында — 89,0 , анфилов ауданында — 85,1 , ле ауданында — 84,1 , Еңбекшіқазақ ауданында — 82 , Талдықорған қаласында 87 көрсеткішке жетті. Қаратал ауданындағы ашылған 320 орынды балабақшаны қоса есептегенде, балаларды қамту көрсеткіші 92 құрап отыр. Бұл балабақшаның құрылысы Ұлттық қордан бөлінген 738 млн. теңге «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Балабақшадағы 16 топқа 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бір топ инклюзивті, яғни тілінде мүкісі бар балалармен жұмыс істесе, екіншісі санаторлықсауықтыру, яғни денсаулығы әлсіз, жиі ауыратын балаларды тәулік бойы тәрбиелеп, сауықтырмақ. Екі қабатты ғимараттағы музыкалық және гимнастика залдары ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Мұнда ойын залы, жатын бөлме, медициналық кабинет, психолог, логопед, бөлмелері, физиотерапия кабинеті қарастырылған. Балабақша ауласында ойын алаңы, футбол, баскетбол алаңдары бар. Ас әзірлеу, кір жуу бөлмелерге қажетті жабдықтар түгел қойылған. Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында мектепке дейінгі мекемелер саны 47-ден 903-ке дейін артты, балаларды балабақшамен қамту деңгейі 3,1 пайыздан 87 -ға дейін өсті. Мұндай сапалық көрсеткішке мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану арқылы қол жеткізілді. Алматы облысында жекеменшік балабақшалар 61,2 ды құрайды. Сөйтіп, бүгінгі күні Алматы облысында 182 мемлекеттік, 288 жекеменшік балабақшалар, 433 мектеп жанындағы шағын орталықтар 64,2 мың баланы тәрбиелеп отыр.

Қуанышты қоныс той

Тәуелсіздік мереке қарсаңында тағы бір үлкен қуаныш — жетісулықтар қоныс тойын тойлады. Қаланың оңтүстік-батыс ауданында қырық пәтерлі коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, жаңа қоныс иелеріне өз қолымен пәтер кілттерін тапсырды. Бұл коммуналдық тұрғын үй құрылысы 2014 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Бас мердігер «Люмен Электро» жеке шаруа серіктестігінің салған көпқабатты тұрғын үйі 3074,9 шаршы метрді алып жатыр. Бұл пәтерлер, негізінен, соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім балаларға, көп балалы аналарға және толық емес отбасыларына берілді. Баспаналы болғандардың қатарында көп балалы ана Данышпан Баймұхамбетова, полиция капитаны Дастан Баянов, облыстық БАҚ қызметкерлері Жасұлан Шынкенже, Мәди Алжанбай бар.

Талдықорғанда Елбасына мүсін ашылды

Талдықорған қаласының орталық алаңының оңтүстік-шығысында тұғырының биіктігі 4,5, ал еңсесі 4,2 метрді құрайтын қоңыр граниттен жасалған мүсін салтанатты жағдайда бой көтерді. Осыдан біраз уақыт бұрын Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне мүсін орнату туралы бастаманы жетісулық ардагерлер көтеріп, ол облыстық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болған еді. Бұл ерекше салтанатты шара Мемлекеттік әнұран орындалуымен ашылып, ақ жаулықты әжелер шашуы шашылды. Алғаш болып құттықтау сөз алған өңір басшысы Амандық Баталов тұрғындарды 1 желтоқсан — Тұңғыш резидент күнімен және Елбасының мүсінінің ашылуымен құттықтап — Бүкіл әлем мойындаған тарихи тұлға, тұңғыш резидентіміз Нұрсұлтан Назарбаев — халықтың алғысын арқалаған кемеңгер басшы. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде берекелі бірлік пен тату тірлік халқымызды биік белестерге көтерді. Біз Елбасы мүсінін орната отырып, шынайы ықыласымызды, риясыз алғысымызды, зор құрметімізді білдіреміз, — деді.

Осы игілікті шарада сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келімсейіт, ардагерқаламгер Наурыз Қылышбаев, «Хильенко және К» сенім серіктестігінің директоры иктор Хильниенко және бірқатар азаматтар Елбасының еліне сіңірген еңбектерін жоғары бағалап, ыстық ықыластарын білдірді. Шара соңында жиналған қауымға концерттік бағдарлама ұсынылды. Осы барыста бір тоқтала кететін мәселе — Елбасы мүсіні 2010 жылы Түркияның астанасы Анкарада бой көтерген. Түркия басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміне қосқан ерен еңбегін ескеріп, осындай құрмет-ықылас білдірген болатын. Елбасы мүсіні «Генлик» атты орталық саябақтың жанында орналасқан. Ал еліміздегі халықтың алғашқы аяулы тарихи тұлғасына деген мүсінінің Жетісу өңірінде орнатылғаны қалың жұртшылық үшін зор мәртебе, маңызы бар қуаныш болды.

Нұрила БЕКТЕМІРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған