Тәулігіне 300 мың жұмыртқа беретін ферма ашылмақ

Мұнай қалдықтарын өңдейтін зауыт, құс фабрикасы, химиялық элемент шығаратын кәсіпорын. Мұның барлығы индустрияландыру картасы аясында іске қосылатын жобалар. Өңірдің экономикалық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік беретін бастамалар қазір қолға алынып, жүзеге асырылудың алғашқы сатысында.

¤Маңғыстау – экономикалық әлеуеті жоғары өңір. Соңғы жылдары жүзеге асырылып бастаған жобалар осының айқын дәлелі. Аймақта “Индустрияландыру картасы” да сәтті іске асырылып келеді. Картаға енген жетік жобалардың бірі  – Жаңөазендегі зауыт. Мекеме жылына 1 тонна қара алтын қалдығын тазалайды. Зауытта қолданылатын тиімді тәсіл – экологиялық жағынан да қауіпсіз.

Қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ. Себебі, зауыт сумен тазалайды. Су, температура, аздаған реагенттер қосады. Солар арқылы мұнай қалдықтары тазаланып шығады, дейді «Экотехпрогресс» серіктестігінің бас инженері Алмаз САДЫҚ.

¤Облыста ауыл шаруашылығын дамытуда да мүмкіндік мол. Индустрияландыру картасы аясында бұл бағытта құс фабрикасы салынады. Мекеме тауық жұмыртқасын өндірумен айналысады. Жоба құны 4 миллиард теңге. Тәулігіне 300 мың өнім беретін құс фермасы аймақты жұмыртқамен толықтай қамтиды.

Жоба қуаты жылына 143 миллион жұмыртқа. 560 мың тауық. аймақты толығымен қамтитын боламыз. Мемлекет тарапынан бізді газ, сумен қамтыса жақсы болар еді, дейді Маңғыстау құс серіктестігінің менеджері Радмир Бембеев.

¤Аймақ басшысы аталмыш жобаларды жан-жақты қолдайтынын жеткізді. Алайда, талабы да жоқ емес. Жұмыспен жергілікті тұрғындар қамтылуы керек. Бұл – басты шарт. Ералы Тоғжанов жоба жетекшілеріне осы мәселені қалт жібермеуді тапсырды.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің барлығын қолдан келгенше жасаймыз. Жоба іске қосылған соң, біздің маңғыстаулықтар жұмыспен қамтылуы шарт. Осы жағынан көмек көрсетулеріңіз керек. Жалпы, бұл жобалардың аймақ экономикасына тың серпін беретініне сенімім мол, деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

¤Индустрияландыру картасына енген үшінші жоба – химиялық элемент шығаратын кәсіпорын. Мекеме кен орындарынан барий, стронций өндіреді. 100 адамды жұмыспен қамтиды. Жоба құны – 23 млрд теңге.

Айман Оңғарбайқызы

Суретті түсірген: С.Майемеров

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған