Төніп келе жатқан бәлені не қайтарады?

Баяғыда бір қатыгез әрі бай патша болыпты. Оның алмаған жұрты, елі қалмаған екен. Бірақ ол патша сондай ауырады екен. Жүрегі қобалжып, тынбай дірілдеп тұратын дертке шалдығыпта. Сол дертінен айығу үшін көптеген емшілерді де алдырыпты. Солардың барлығыда ол патшаның дертін емдей алмай басынан айрылыпты. Бір күні әлгі патшаға бір әулие келіп:

– Мен сенің дертіңді емдеймін, сен менің айтқанымды қыла алсаң –  депті.

Патша:

-Талай-талай сен сияқты емшілер емдеймін деп басынан айырылды. Сен не айтсаңда ауруымнан айығу үшін жасаймын. Бірақ сенде емдей алмасаң басыңнан айырыласың, емдесең ат басындай алтын берем – дегенде,  Әулие:

Келістік, онда сен бір сұлу жап-жас 15-16 жастағы жігіттің қанын жылыдай ішсең дертіңнен құлан таза айығып кетесің – депті.

Патша:

Ол оңай ғой – деп қызметкерлеріне сұлу жас жігіт тауып әкелуді бұйырыпты.

Қызметкерлері ертеңінеде-ақ бір кедей шал мен кемпірдің 16 жасар баласын алып келіпті. Шал мен кемпір жалғыз ұлдарын босатуын өтініп соңынан ере келген екен..

Патша шал мен кемпірге:

– Мен ауруымнан айығуым үшін сендердің ұлдарыңнын қанын ішуім керек, екі қап алтын берем, разысыңдар ма?- деп сұрапты. Шал мен кемпір патшанын зұлымдығынан қорқып разылықтарын білдіріпті.

Кейін патша Қазыны шақырып:

– Мен мына жігіттің қанын ішпекпін, мұның дініміздегі пәтуасы қалай –деп сұрапты.

Қазы:

-Әміршім, сіз үшін бұл адал ғой, мұндайдың мыңының қанын ішсеңізде болады деп – пәтуәсын беріпті.

Сөйтіп қасапшыны шақырып жігітті союға алып кетейін деп жатса жас жігіт жоғары қарап сондай егіліп жылап тұр екен.

Патша:

– Әй, жігіт сонша неге егіліп жылап тұрсың – деп сұрапты.

Жігіт:

– Әй, Хан Ием бұл жалғанда адамның адам алдында шыбынның қанаты құрлы қадірі болмаса қиын екен. Мен ана шал мен кемпірдің құдайдан тілеп алған жалғызы едім. Олар менен кейін енді перезент көрмейді. Бірақ олар мені екі қап алтынға сатып жіберді. Мен мұңымды  кімге айтамын. Адам баласы жер бетінде мұңын айтып әділдікті Қазыдан күтеді. Бірақ мына Қазы сізден қорқып менің қанымды ішуіңізді адал деп пәтуә берді. Ол Құдайдан қорқып пәтуә берген жоқ, ол сізден қорқып әрі астындағы тағынан айырылып қалмау үшін жалған пәтуә берді. Адам мұңын патшаға айтады бірақ сіз менен гөрі өз жаныңызды артық көріп тұрсыз ғой. Мен тек бүкіл әлемдерің Раббысына мұңымды айтып жылап тұрмын – дейді.

Сонда патшаның жүрегі жібіп:

– Бара бер боссың, екі қап алтында сендерге берген садақам болсын – деп айналып кете бергенде жүрегінің соғуы әдеттегі соғуынан өзгеріп, қобалжыуы, дірілі жоғалып тынышталып қалыпты.

Патша дереу әлгі әулиені шақыртып:

– Менің жүрегімнің ауруы басылды сондай тынышталып қалдым, сен бұлай емдеуді қалай білдің деп сұрапты.

Сонда әулие:

-Патшам, сенің осы уақытқа дейін өзгеге мейрімің мен садақаң жоқ еді. Садақа мен жақсылық жүрекке тыныштық береді, бәлені қайтарады, сен мейрім көрсетіп садақа бердің, сол себептен аурығыңнан айығып кеттің – деп әулие ештеңе алмастан келген жолымен кері кетіпті.

Қорытынды:

Рас, адам баласының көбі жүректеріне тыныштық іздейді. Оны музыкадан, әннен, ішімдік ішуден де іздейтіндерді де көріп жүміз, бірақ олар жүрекке тыныштық бермейді. Жүрекке кәміл иман мен әлсізге  мейірім таныту, садақа беру тыныштық береді. Көп адам қолында байлығы болған кезде бес тиын садақа қыла алмайды да, бастарына бір мүсибат, қиыншылық келген кезде “аһ” ұрады. Ол “аһ” ұруларымен енді өз бастарна келген қиыншылығын қайтара алмайды.

Пайғамбармыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:  “Садақа – төніп келе жатқан бәлені  қайтарады” деген. Сондай қиыншылыққа кез болған кейбір қалталылар дер кезінде садақа мен зекетін берген болса бәлки қиыншылық пен ауру сырқауды көрмеген болар ма еді. Зекет бұл жетім мен жесірдің ақысы. Кімде кім жағдайы бола тұр зекетін бермесе жетім жесірдің ақысын жеп жүр. Бұл қалталыларға.

Бірақ бәріміз “жарты құрмамен” болса да өзімізді оттан арашалауға әрекет қыла жүрейік.

 

Жанарбек Мағзамұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған