Уыз тілек ұлтқа біткен бір жүрек- Жетпіс жаста Сəуле қызы қазақтың!

(СƏУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫНЫҢ ЖЕТПІС ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА)

Елін сүйген Ел-Анасы алаштың,
“Елім!..”-дедің түн сейілтіп таң астың.
Туған елдің туын биік көтеріп,
Ақ жолыңа нұрын төкті азат күн.

Шындық үшін шырылдадың таластың,
Аймен ару,күнмен көркем жарастың.
Уыз тілек ұлтқа біткен бір жүрек-
Жетпіс жаста Сəуле қызы қазақтың!

Шуақ шашқан ана тілек, ақ тілек,
Келеді əне, келешекке бақ тілеп.
Өмір бойы өз бақытын алау қып,
Əр Қазақтың жүрегіне жақты кеп.

Бар арманы алашының бірлігі,
Жанарында жалпақ елдің жүр мұңы.
Үш арысқа көзқуаныш бұл күнде
Жетісу мен Сарыарқаның бір гүлі.

Құтты болсын,асқар ала белесің!
Жерұйыққа желкен тартқан кемесің.
Ана жүрек-адамзаттың панасы,
Ана барда атар таңға сенесің!..

Қайырлы таң, қайырлы күн, бал ғұмыр.
Тектілерден талбойыңда қалды нұр.
Дана қызы,дара қызы қазақтың,
Апам үшін :-“..Қазақстан -Жалғыз ұл!”

Жалғызыңды жанға берме,Жан Апа!?
Аналар бар уыз тілек -тамаша!
Мерейлі жас құтты болсын -Мерекең,
Құдай қорғар, сүйген құлын қаласа!!!

Аса құрметпен, ініңіз -САБЫР АДАЙ.
ҚР. ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ҚАЙРАТКЕР
19.09.2016Ж.
Ақтау қаласы

2 thoughts on “Уыз тілек ұлтқа біткен бір жүрек- Жетпіс жаста Сəуле қызы қазақтың!

  • 21.09.2016 at 00:14
    Permalink

    Бар қазақ жалғызым деген Сабыр Адайдың жырына тиек болған апамыздың ғұмыры нұрлы болсын ! Тамаша толғау, жүректерге жетер , мұра болып қалар құнды дүниелердің қатарынан орын алатын туынды ! Апа! Осындай іздеушісі, тілекшісі бар Сізге талмай, шаршамай , ортамызда жол көрсетіп жүре беруіңізге шын жүректен жанұямызбен тілекшіміз !

    Reply
  • 23.09.2016 at 07:39
    Permalink

    Керемет өлек арнаған екен Сабыр Адай ағамыз, аман болыңыз Сәуле апай!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған