Француздарға таңдай қаққызған екінші қазақ

Жуырда ғана әлемге өзін танытып, халқының мерейін үстем еткен Димаш Құдайбергеновтың Франция телевизиясында төбе көрсетіп, арнайы барып ән шырқағанын жақсы білеміз. Бір қызығы, кезінде қазақтың маңдайына біткен жезтаңдай әншісі Әміре Қашаубаевтың да атағы EXPO (Париж, ЕХРО-1925) қарсаңында жер жарса, Димаш та кезекті көрмеге аз уақыт қалғанда әлемге танылды. Әрине, екеуінің заманы бөлек, бірақ, саф өнерге келгенде аса талғампаз француз халқын таңқалдыру кім-кімге де оңай шаруа емес. Десе де, бұл белестен Димаш та сүрінбей өтті. Тек, ғұмыры ұзақ, өмір жолы сәулелі, берекелі болғай деп тілейік. Назарларыңызға қос дүлдүлдің орындауындағы «Дудар-ай» әнін ұсынып отырмыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған