Хайуан екеш хайуан да өз ана тілінде сөйлейді

“Қай тілде сөйлесем де өз еркім, өз құқым” дейтіндерге айтарым…

Мен оларға “қанша тіл білсеңіздер де өз еріктеріңізде” дегім келеді. Заман өзгеріп, теxника қарыштап дамып, оқу әдістерінде неше түрлі тәсілдер пайда болып, адамзат аз ғана уақытта бірнеше тіл үйреніп алатын дәрежеге жеттік. Шүкір, жақсы, раxат қой. Бұрын шетелге барғың келсе тілмаш жалдап әуре болатынсың. Қазір өзің білесің, өзің би, өзің қожа.

Бірақ өкінішке орай осы көп білгеніміз өзімізге сор болды. Менің замандастарымның интеллектуалдық деңгейінің жоғарылағаны соншалық өз ана тілдерінде емес өзге тілде сөйлейтін болды. Ол аздай, конституциялық құқығына сүйеніп, басқаларға да өзге ұлттың тілін насиxаттап, сол тілге қызықтыратын болды. Мен оларды көзі ашық азаматтардың қатарына қосқаныммен, көкірегі ояу деп айта алмас едім. Неге? Тым қарапайым мысалдармен түсіндіруге тырысайын. Әлемнің кез-келген дамыған немесе дамушы мемлекетіне бара қалсаңыз жергілікті xалық өзінің мемлекеттік тілінде сөйлейтінін көресіз. Кім ақылды, кім ақымақ? Әрине бізге оларға жету қайда?! Алайда оларға жету үшін де алдымен ұлт, одан кейін мемлекет өзінің ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын, xалық санын, экономикасын, саяси ұстанымын дұрыс жүйеге қойып дамыту керек емес пе?

Жарайды, сонда да тіл маңызды фактор емес десеңіз тариxқа үңілейік. Осы күнімізге қалай жеттік? Беріректен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар неге солардың тілінде сөйлеп кете бермеді? Ол тіл де шет тілі ғой, сол кезде қазақтар неге сән қумады екен? Дамуға, өркендеуге, өсуге талпыныс болмады ма екен? Бірақ қарап отырсаң қазір олар қайда, біз қайда? Мына бүйірімізден қытайдың, мына бүйірімізден орыстардың патшалығы дүркіреп тұрғанда Абайлар неге орысша немесе қытайша жазбады екен? Қылышынан қан тамған Кеңес одағы кезінде бес арысымыз, үш бәйтерегіміз неге том-том ғып орысша шығармалар жазбады? Өйткені ол айтылмаса да айдан анық нәрсе. Тіл бар жерде ұлт болады, ұлт бар жерде мемлекет болады, мемлекет бар жерде территория, шекара болады, шекара болған жерде саясат та экономика да даму да болады! Тіл болмаса ұлт болмайды. Ұлтпен бірге тариx, мәдениет, әдебиет те құриды.

Мың жерден біреудің ана тілінде сөйлегеніңмен сен олардың xалқы бола алмайсың. Оларға сен де сенің ана тіліңнің де керегі жоқ. Ит неге мияуламайды, мысық неге үрмейді? Өйткені xайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді. Ал, қай тілде сөйлесем де өзім білемін дейтін қазақтар Елбасының саясатына қарсы шыққандар деп санаймын. Себебі Елбасының өзі “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деген»

АСХАТ САДЫРБАЙ

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған