Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында…

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен 21 мамыр күні «Astana Polo Club» шөген клубы «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап іс-шара өткізді.img_0399

Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақбұлақ» спорттық сауықтыру кешенінде балалар үшін атқа міну және шөген спорты бойынша шеберлік сабақтары, ойын-сауық пен табиғат аясында тамаша демалыс ұйымдастырылды. img_0441

Дәмді дастарханнан дәм татқан балаларға спорттық киімдер жиынтығы мен естелік сыйлықтар таратылды. 

img_0415

«Нұр» қайырымдылық отбасылық үйі 1998 жылы құрылғалы бері 100 ге жуық баланы тәрбиелейді. Ұядан ұшқан балалардың орнын жас сәбилер басады. Оның өзге балалар үйінен айырмашылығы балалар үйінің тәрбиеленушілері жанұя жылуын сезініп өседі. Алайда «Нұр» отбасылық балалар үйі зейнеткерлер -Әнуарбек Байсарин мен Тұяқ Есқожинаның жеке бастамалары болғандықтан, демеушілердің көмегін қажет етеді. Осы орайда «Astana Polo Club» клубы «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйіне арнап осындай іс-шаралар өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ.img_0477

Ұйымдастырушы: «Astana Polo Club».

 Әлеуметтік серіктес: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

 «Astana Polo Club»  баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған