Халықаралық шәкіртақы иегерлері анықталды

2018 жылдың 3 мамыр күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы халықаралық қатынастар департаментінің ұйымдастыруымен Әзірбайжан республикасының 100 жылдығына және мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің 95 жас мерейтойына арналған шара өткізілді.

Шараға Әзірбайжан республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Зейналов Эльхан Латифоглы, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының  меңгерушісі Г.Шәкірова, «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Э.Ахмедов, қоғам қайраткерлері, ардагер ұстаздар және студенттер қатысты.

Шараның мақсаты екі елдің арасында достық қарым-қатынасты дамыту, татулық пен бірлікті нығайту.

Аталған шарада Әзірбайжан елінің тарихы мен тәуелсіздігіне үлесін қосқан мемлекет қайраткерлері туралы деректі фильм, фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Әзірбайжан республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Зейналов Эльхан Латифоглы 8 жыл қатарынан аталған университеттің белсенді студенттеріне  халықаралық шәкіртақы берді.

Осы жылы шәкіртақыға аталған университеттің бес студенті ие болды.

                                                                               Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                               «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                               баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған